0 дауыс
843 көрілді
Қазіргі заманда адамға сай заман өзгерді ме? заманға сай адам өзгерді ме? бұрынғы мен қазіргіні салыстырсақ қайсысын таңдар едіңіз? Қазіргі адамдарға көңіліңіз тола ма? Көзқарастарыңыз қандай? Толығырақ пікір қалдырсаңыздар

1 жауап

0 дауыс
Адамдарда ешқандай өзгеріс жоқ.Заман да әрине сол қалпында.Сол заманда бар жақсылар,қазір де бар.Сол заманда бар жамандар,қазір де бар.Айырмасы,техника болар.Ол заманда сұрақтар жауабын табу үшін үңіліп кітаптарда отырса,қазір интернет желісінде оларды лезде табамыз.Санамызда біраз өзгерістер бар.Ол кезде малмен теңесіп жатса,қазір бірінші сұрақ қайда оқыпты дейміз.Біз айналамызды өзгерттік.Ал айналадағы өзгерістерге өзіміз бағынышты болып қалдық.Сауатымыз арту керек деп дұрыс мақсат қойылды.Бірақ кейін келе жаманының шекарасынан асып өттік.Ешқашан жалпы адамзатқа баға берілмейді.Оның ішіне сараңы да,наданы да,жақсысы да,білімдісі де бар...Таңдау мәселесіне келсек,таяқтың екі ұшы бар.Ол заманда жайбарақат,ар-ұятты жаны жайсаңдар жасағандай.Бірақ  бүгінгідей жетістік жоқ.Бүгінде бәрі керемет,адамдар техниканың саясында сауатты өмір сүріп жатқандай.Бірақ айналасында жетімі көп,ұят кеткендей.Бүгінгінің жетістігін қимай,жеті мен түрмесі жоқ кең жайлау тіршілікті аңсайсың-ау...Адамдардына қызығып,адамдығыма үңілем...
...