– Аталған бағдарламаға 1-топ бойынша жергілікті атқарушы органда коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруге мұқтаж азаматтардың есебінде тұрған бюджеттік ұйым қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, халықтың әлеуметтік жағынан осал тобына жататын азаматтар қатыса алады. Ал, 2-топ бойынша тұрғын үй кезегінде тұрмайтын барлық тұлғалар санаты қатыса алады. Соның ішінде «ҚИҚ» ИҰ» АҚ арқылы тұрғын үй» бағыты бойынша басым санаттағылар болып төмендегілер табылады:
– мемлекеттік заңды тұлғалар қызметкерлері;
– әлеуметтік саладағы келесі қызмет түрлерін жүзеге асыратын кез-келген меншік түрінің мемлекеттік емес ұйымдардың қызметкерлері;
– медициналық қызмет көрсету, (косметологиялық қызметті қоспағанда);
– мектепке дейін тәрбиелеу және үйрету, білім беру қызметін көрсету;
– ғылым, спорт, мәдениет-өнер саласындағы қызметкерлер қатыса алады.
Ал, «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасына қатысуға ниет білдірген үшінші топқа ТҮҚЖБ желісі бойынша жас отбасылары кіреді.