0 дауыс
2.9k көрілді
Жалғыз басты аналарға мемлекеттен 1 жасқа дейінгі пособиядан басқа көмек бар ма?

4 жауап

0 дауыс
- Егер "по утере кормильца" болса, онда қазіргі таңнан бастап бала оқуларын (орта, жоғары т.с.с.) тәмамдағанша пособие ала аласыз - әлеуметтік төлемдер төлейтін жерге жолығыңыз.
- Ал өзіңіз үйде тауып алсаңыз, онда басы жоқ адамға қанша пособие төлесе де көмектеспейді...!
0 дауыс

Қазақстанның қазіргі заңнамаларына сәйкес, балаларын жалғыз тәрбиелеп отырғандарға арнайы жәрдемақы жоқ. Толық емес отбасыға жәрдемақы мен басқа да төлемдер барлығымен бірдей беріледі.

Барлық аналар сияқты жалғызбасты ана да бала тууына байланысты тағайындалатын бiржолғы мемлекеттік жәрдемақы, бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты төленетiн ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы, 18 жасқа дейiнгі балаларға тағайындалатын ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы, мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қамқоршыға төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны алуға құқылы.

Жалғызбасты аналар өзге әлеуметтік топтар тәрізді атаулы әлеуметтік көмекке өтініш білдіре алады. Алайда бұл көмек, отбасының табысы жалақының ең төменгі мөлшері (ЖТМ) — 28 284 теңгенің көлемінен 50%-ға төмен болса ғана беріледі. Жәрдемақыны тағайындату үшін жергілікті жұмыспен қамту орталығына бару керек.

Жалғызбасты аналар мемлекеттен басқа да көмектер ала алады. Мына сілтемеге өтіп оқыңыз. 

0 дауыс
Арине бар сизде жалгызбастыны аныктайтын кужат бар ма
0 дауыс
Менде Форма 4 Менің бір балам бар 18июльде 1ге шықты Мен көмек ақша ала алмай отырмын берілмейт деді.Мен сіңлімнің уйінде учёта тұрмын.Сіңлімнің куйеуі 100мың алат одан кредіті бар тамағы дегендей.Мен бөлек семя ол бөлек.Түсінбедім Жұмыспен қамту орталығына 2апта бардым Олар берілмейт дейді не ушін десем Сіңлімнің куйеуінің айлығын 6адамға бөлеміз адам басына 16400ден келу керек дейді.Менікі 16600тг келіп тұр деді болмайт дейді.Бірге тұратын адамның айлығын сосын менің баламның ай сайын алатын пасовиямның көлемін сұрады 13мың алатын едім дедім солай.Бірақ түсінбегенім Баламның пасовиясын алып болдымғо оны несіне есептейді екен түсінбедім.Емізулі Анамын Жұмыссызбын Баламен жұмысқа шыға алмай отырмын.Кімнен көмек сұрарымды білмеймін Қай жерге барып сұрасам болады.

Ұқсас сұрақтар

...