0 дауыс
1.9k көрілді
Қолжетімді баспана - 2020 баспана кімге қолжетімді?

2 жауап

0 дауыс
Танысың болмаса ала алмайсың?
0 дауыс

Баспанасы жоқтың бабы келіспейтіні анық жайт. Осы ретте мемлекет тарапынан жасалып жатқан шаралар да аз емес. Әсіресе, елімізде соңғы 4-5 жыл бедерінде тұрғын үй саясаты жақсы жолға қойыла бастағаны мәлім. Сон­дай шаралардың бірі, «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы осы мақсаттағы тірші­ліктердің шоқтығы биік тұрғаны деп айтуға болады. Ендеше, бағдарлама бүгінгідей қарқынмен іске асырыла берсе, тұрғын үй нарығын реттейді деген болжам бар.

Демек, баспана өзекті тақырып болып тұр­ған шақта аталған бағдарлама аясында сауал­дар көп-ақ. Сол себеппен редакцияда «Қол­жетімді баспана - 2020» бағдарла­масы­ның тиімділігі турасында дөңгелек үстел болып өтті.

Дөңгелек үстел басында жастарды қол­жетімді баспанамен қамтамасыз ету бағытын­да атқарылған жұмыстар туралы баяндаған Тұрғын үй инспекциясының маманы Гүлми­ра Фазылованың айтуынша, тұрғын үймен қамту саясаты 2005-2007 жылдардағы мемлекеттік бағдар­ламаны іске асыру халықтың әлеуметтік қорғалған бөлігі үшін, азаматтардың басым құқық берілген санаттары (балалары бар жас отбасылары, мемлекеттік органдар мен меке­ме­лердің қызметкерлері және әлеуметтік сала­ның мемлекеттік кәсіпорындары қызмет­керлері) үшін мемлекеттік қаражат есебінен сату құны бір шаршы метрі 56 515 теңгеден аспайтын коммуналдық және қолжетімді тұрғын үй салу, сондай-ақ жеке тұрғын үй құры­лысын дамыту, жеке капитал инвестицияларын тарту есебінен тұрғын үй салуға бағытталған шараларды қабылдау арқылы жүзеге асырылып келген.

Ал, 2005-2012 жылдар аралығында 239 жастар мен жас отбасыларына жеңілдетілген несие арқылы ипотекалық пәтерлер берілді.

Қазіргі таңда Қызылорда қаласы бойын­ша тұрғын үй алу кезегінде 533 жетім мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар тіркелген. Жетім балалардың алдыңғы қатары кезекке 2006 жылдан бастап тіркелген. Жуырда Астана мөлтек ауданынан 112-пәтер­лік «Жасөспірімдер үйі» салынып, ғимараттың төменгі қабатын жатақхана типтес, онда бала­лар үйінен шыққан 18-23 жас аралығындағы балалар паналаса, ғимараттың жоғары қабат­тары 23-29 жас аралығындағы жетім балалар­ға арналған 1 бөлмелік пәтерлер ретінде беріл­гендігіне ерекше тоқталғаны шынында да атап айтуға тұрарлықтай игілікті іс болғаны анық.

Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаң­тардағы «Әлеуметтік экономикалық жаң­ғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспа­рына сәйкес «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы бекітіліп, төмендегідей негізгі бағыттар көзделіп отыр:

1. Жергілікті атқарушы органда кезекте тұрған азаматтар үшін тұрғын үй салу.

2. Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісі бойынша:

1) халықтың барлық санаттары үшін;

2) жас отбасылар үшін тұрғын үй салу.

3. «ҚИК» Акционерлік қоғамының тұрғын үй салуы.-деп негізгі жұмыс барысымен таныстырды Г.Фазылова.

-2013 жылы аймақта “Қолжетімді тұрғын үй-2020” бағдарламасы бойынша жас отба­сылар үшін 6 тұрғын үй, яғни 270 пәтер салы­нып, пайдалануға беріледі деп жос­парланып отыр.

Бағдарлама  бойынша  жас  отба­сыларға  арналған  тұрғын үйлерді алу мақсатында бағдарламаға  қатысушыларды іріктеу және тұрғын үйді беру  кезектілігінің тәртібін Жергілікті атқарушы орган белгілейді.

Мәселен, тұрғын үй қарыздарын алу үшін аталған бағдарламаға қатысушыларға қойылатын негізгі  талаптар:

- Отбасының құрамына ерлі-зайыптылар, кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз балалар, ерлі-зайыптылардың еңбекке жарамсыз ата-аналары қосылады;

- Ерлі-зайыптылардың екеуінің де Бағдарламаға қатысуға өтініш берілген елді мекенде тіркелуі;

- Соңғы 5 жыл ішінде ерлі-зайыптылар­дың және  олардың отбасы мүшелерінің тұрғын үй жағдайларын қасақана төмендету фактілерінің болмауы;

- Өтініш берердің алдындағы соңғы 6 ай үшін отбасының ай сайынғы жиынтық таза табысы  (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және басқа да аударым­дарды есептемегенде) мынадай шекте:

а) ең төменгі Алматы, Астана қалалары үшін төменгі күнкөріс деңгейінің 4 есе мөл­шері, басқа қалалар үшін төменгі күнкөріс деңгейінің 3 есе мөлшері;

б) ең жоғарғы-төменгі күнкөріс деңгейінің 12 есе мөлшерінен  артық  емес.

Жергілікті атқарушы орган өтінішті қа­был­даудың басталғаны туралы хабарлан­дыру берген күннен бастап, бірақ жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысы басталған күннен бастап 3 айдан кешіктірмей Бағдар­ламаға қатысу үшін өтініштерді қабылдауды бастайды және жалға берілетін тұрғын үйді іске қосуға 6 ай қалғанда аяқтайды.

Бағдарламаға қатысу үшін үміткерлер аз болған жағдайда атқарушы орган өтінішті қабылдау мерзімін ұзартуға  құқылы.

Бағдарламаға қатысу үшін өтінішті қабылдаған кезде жергілікті атқарушы орган өтініш иелерінің жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізеді.

...