0 дауыс
Не үшін талантсыз әншілер көп болып барады?  Екінің бірі әнші десең де болады. ұнамайды  айтқандары да, түрлері де, стильдері де, бойлары да,ойлары да, оларды кім тамашалайды? .  Шыны керек, дұрыстау 4-5 әнші бар, солар ақ талантты сияқты.
07.01.2016 730 қаралым

1 жауап

+1 дауыс
Шын мәнінде әлемдегі үш адамның біреуі әнші бола алады. Байқап қарасаңыз тамылжытып ән салатындар жетерлік. Мәселе, қазір ән айтуды кәсіпке айналдырғандар көбейіп барады. Себебі қоғам ойын-сауық индустриясы арқылы табыс табуға өте қолайлы кеңістікке айналған. Бұл құбылысты түйткілді мәселеге айналдырудың қажеті жоқ. Мәселені әншіден емес, тыңдарманнан іздеу керек. Тыңдарманның талғамы өзгерсе, бәсекеге қабілетсіз немесе өнер жолында еңбектенбейтін өнерпаздар өздері-ақ сахнадан түсіп кететін болады. Ал әншінің саны - бас ауыртатын нәрсе емес.
08.01.2016
127,959Сұрақ
322,886Жауап
153,169Пікір
73,002Қолданушы