Қазақша ән | 175 қаралды
175 қаралды
Неге әншілер фонограммамен айтуға құмар? Неге жанды дауыспен айтатын әншілердің қатары аз?

3 жауап

Қазірде адамдар жұлдыз болуға құмарланды.Табиғат берген дауыс болмаса да ақша бар.Ал бұл оның беделін арттырар әншілікке алып барар оңай есіктің кілті еді.Даусы болмаса фонограмма қолданудан басқа амалы жоқ қой.Өмірде не көп бола бастаса соның сапасы төмендей бастайды.Қазір жерде жұлдыз көп.Алайда жұлдыз да сөнеді.Фонограммамен олар өздерін алдайды.Оған ешкім шек қоя алмас.
Жақсы Жауап
Өйткені, оларды қаржы бар, бірақ дауыс жоқ. Сондықтан әндерін компьютермен әрлендіріп алып, сосын фонограммамен айтып жүреді. Мысалы, Қайрат Нұртаста дауыс жоқ. Тірі дауыспен айтса, қылғынып айта алмайды.
Фонограммамен ән айтатын әншілердің барлығының дауысы жоқ деуге болмайды. Олар айтады: "біз сахнада фонограммамен ән айтқанда бәлен мың ақшаға жасатқан дүниеңнің халыққа сол сапалы, таза күйінде жетіп жатқанына қуанасың, бірақ рухани ләззат ала алмайсың" дейді.  Олар негізі тірі дауыста ән айтқысы келеді деп ойлаймын. Егер фонограмманы алып тастайтын болса танымал әншілердің 90% тірі дауыста ән айтуға дайын меніңше.
118,353 сұрақ
305,187 жауап
153,293 пікір
67,536 қолданушы