0 дауыс
819 көрілді
Мен өз бетімше ғылыми жұмыспен айналысайын деген едім. Интернет желісінен түрлі мәліметтер көрдім, қалай жазу керек екені туралы. Таңдаған тақырыбыма мақсатты қалай тапсам болады? Менің сұрайын дегенім: зерттеу мақсаты. Менің алдыма қойылған мақсатты өзім іздеп таба алмай жатырмын. Қалай ойлансам болады ол туралы? Осы жайлы араларыңызда бір білетін кісі болса, айтып жіберіңіздерші!

1 жауап

+2 дауыс
Ғылыми жұмыста алдымен зерттелетін объектің жайлы толық мағлұмат алуың керек.Тақырыбыңа сай кез келген сұраққа жауабың болу керек.Сосын ғылыми жұмыста ең алдымен істейтін жұмысыңның өзектілігін ашып алуың керек.Ал зерттеуді қалай бастарыңды білмесең сені сол тақырып бойынша не қызықтырады немесе осыны былай өзгертсем қалай болады деген сұрақ қой өзіңе немесе алдында осы тақырыбың бойынша жұмыс жасалса,зерттеу жүргізілсе онда дəл сол жұмысты негізге ала отырып тек нəтижесін өзгертуіңе болады.
Жауабыңызға көп рахмет. Кәдімгідей іске асты.
...