0 дауыс
13.1k көрілді
Адамдағы қандай белгілер атавизм болып табылады?

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Атавизм , реверсия (лат. atavus — ертедегі тегі) — ағзаның жақын ата-тегінде жоқ, бірақ ертедегі ата-тегінде болған, алайда эволюция процесі барысында жойылып кеткен белгілердің ұрпақтакездейсоқ қайталануы. Мыс., ірі қара малдың және қойдың таза тұқымды мүйізсіз түрінен кейде мүйізі бар төл туады. Сол сияқты қазіргі жылқылардың ішінде үш ашатұяқты жылқы да болады. А-нің кейбір белгілері — денені қалың түк басу, қосалқы емшектер, құйыршық т.б. адамдарда да байқалады. А. белгілері организмдердің жоғарыда аталған белгілерін анықтайтын гендерде эволюция барысында толығымен сақталады. Олар қалыпты жағдайда репрессорлардың (реттеуші белок) әрекетіне байланысты бейтарап күйде болғанымен, қоршаған орта жағдайының әсерінен қайтадан белсенділік танытуы мүмкін. Адамда Атавизм белгілерінің кездесуі, адамның шығуы мен тарихи дамуы жеке процесс емес екендігін, яғни органик. дүниенің дамуында жануарлар эволюциясымен тығыз байланысты болғанын көрсетеді.

...