0 дауыс
2.2k көрілді
Шешімі қиын, басты қатыратын логикалық есептер керек?

4 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
1. Жолаушының бір ешкісі, бір капустасы, бір қасқыры бар. Ол өзеннің бір жағынан екінші жағына екі орынды қайық арқылы өтуі керек. Жолаушы ешкіні, капуста және қасқырды өзеннен қалай өткізді? Қасқырды ешкімен қалдыра алмайды, ал ешкіні капустамен қалдыра алмайтыны белглі болса?

2. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын?

3.Үш литрлік және бес литрлік суды қалай өлшеуге болады?

4.Тоғыз литрлік және төрт литрлік екі ыдыс берілген. Осы ыдыстардың көмегімен бактан алты литр суды қалай алуға болады? (суды бакқа қайта құюға болады)

5. 8 л, 5 л, 3 л ыдыстар берілсін. 8 л ыдыс суға толы. Енді осы суды екі ыдысқа 4 литрден қалай тең бөлуге болады?
0 дауыс
2 сұраққа жауап Жанат ұзын
0 дауыс
5 л және 7ллік шелектердің көмегімен 10 л дегі судан 6 л суды қалай өлшейміз
6=10-(7-5)-(7-5)
0 дауыс
1)Ол үшін үшеуін де қадағалаусыз қалмауы керек. Бірінші қатынағанда жолаушы өзеннің ар жағына ешкіні апарады. Екінші қатынағанда жолаушы қасқырды алады, капуста қалады. Өзеннің ар жағына жеткен соң қасқырды қалдырып, ешкіні қайтадан өзеннің бер жағына әкеледі. Үш қатынағанда ешкіні қалдырып, капустаны өзеннің ар жағына апарады. Капустаны қалдырады да, өзі бер жаққа қайта оралады. Төрт қатынағанда ол ешкіні өзеннің ар жағына шығарады.

2) Жанат ұзын

3) 12-3=9  9-3=6     6=6

4) 9-4-4=1 9-4=5   5+1=6

5)8-5=3    5-3=2   3+3=6    6-2=4

Ұқсас сұрақтар

...