+12 дауыс
85.1k көрілді
Жалпы, қазақ халқы ойға жүйрік қой. Осыны тағы бір дәлелдейікші. Оның үстіне логикалық есептерді шешкен басқа да пайдалы. Ендеше, іске сәт ! Білетін есептерімізді ортаға салып, кімнің ойы жүйрік екенін байқайық бір.

1. Сіз Алматыдан Мәскеуге ұшатын ұшақты жүргізесіз дейік. Бұл ұшақтың жылдамдығы сағатына 150 шақырым болса, қарсы соғатын жел жылдамдығы сағатына 30 шақырымды құрайды. Жол ұзақтығы 550 шақырым. Ұшақ салонында барлығы 24 адам бар. Ұшақ жүргізушісі, стюардесса, және жолаушылар. Стюардессаның жасы 22-де. Жолаушылар жастары 7 мен 48-дің арасында. Сонда ұшқыштың жасы нешеде болуы керек?

2. Бөлмеде бар болғаны екі адам отыр. Оның біреуі - екіншісінің әкесі де, алайда, екіншісі біріншісінің ұлы емес. Сонда кімі болғаны?

3. 3 шофер болыпты. Олардың Самат деген інісі болса керек. Бірақта Саматтың ағалары болмапты. Сонда қалай?

4.Үш жолаушы келе жатырса керек. Алдарынан көл кездестіреді. бірінші жолаушы көріп көлді кешіп өтеді, екіншісі көреді бірақ кешпейді өтеді, ал үшіншісі көрмейда кешпейда өтеді. Сонда қалай өткен?

5. Бір қаз ұшып келе жатса, қарсы бір топ қаз кездеседі. 1 қаз сендер нешеусіңдер?-деп сұраса, аналар "Біздің санымызға тағы осынша қосса, сосын тағы жартысын қосса, сосын ширегін қосса, сосын сені қосса жүз болады деп жауап беріпті. Сонда неше қаз болғаны?

6. Бильярдтын көлемдері, түстері бірдей 9 шаригы бар. Оның 8-і 300 грамм да, біреуі 290 грамм. Таразыға екі рет қана тартып, жеңіл шарикты табыңыз.

7. Әдетте адамдар бас киімін кімнің алдыңда шешеді?

8. Сол жақтан оқысан да, оң жактан оқысан да бірдей сан қайсы?
Арман компьютер алуы керек еді, 90000 тг-ден. Екі досынан  45000,45000 тг ден сұрап алды. Барса компьютер 85000 екен. 5000 тгені алып келе жатқанда бір досы 3000 тг сұрап алды, екі досынан 1000 тг 1000 тгден таратып берді. 44000 болды. 44000+44000+3000( досына берген )ақшасы=91000=? 1000 тг қайдан шықты?

42 жауап

+14 дауыс
 
Жақсы жауап

Бильярдтын көлемдері, түстері бірдей 9 шаригы бар. Оның 8-і 300 грамм да, біреуі 290 грамм. Таразыға екі рет қана тартып, жеңіл шарикты табыңыз.

есепті шығармас бұрын тоғыз шарикті 1ден 9 ға дейінгі сандармен белгілейік... сосын мына алгоритмге саламыз:

егер (1+2+3=4+5+6) онда

                                       { егер (7=8) онда

                                                              {жеңіл тас (шарик) 9}

                                        әйтепсе { егер (7>8) онда

                                                                             {жеңіл тас (шарик) 8}

                                                          әйтепсе {жеңіл тас (шарик) 7}

                                                          }

                                        }

әйтепсе {егер (1+2+3>4+5+6) онда

                                                         { егер (4=5) онда

                                                                                {жеңіл тас (шарик) 6}

                                                         әйтепсе егер (4>5) онда

                                                                                              {жеңіл тас (шарик) 5}

                                                                          әйтепсе {жеңіл тас (шарик) 4}

                                                         }
                  әйтепсе {егер (1=2) онда

                                                        {жеңіл тас (шарик) 3}

                                   әйтепсе {егер (1>2) онда

                                                                         {жеңіл тас (шарик) 2}

                                                     әйтепсе {жеңіл тас (шарик) 1}

                                                    }

                                  }

                }

бұл алгоритм кең болып көрінгенмен таразыға көп дегенде екі ақ рет тартып жеңілді аніқтауға мүмкіндік береді....

P.S. былай жаза бастап едім өзім шатысып кеттім.... сосын алгоритмге салуды жөн көрдім....

Шарларды 3-3-2 деп бөлеміз. 3 пен 3-ті өлшейміз. Жеңілі болса, сол жеңіл 3-тікітің 2-уін таразылаймыз. Жеңілі анықталмаса, ол өлшенбеген шар. ал, екі 3-тік тең болса, өлшенбеген 2-лікті таразылау арқылы жеңілін анықтаймыз
1 сұраққа бола ЖЖ таңдайма?
+8 дауыс
3.шофер қыз шығыр
Дұрыс. 3 шофер Саматтың әпкелері
+7 дауыс

Бөлмеде бар болғаны екі адам отыр. Оның біреуі - екіншісінің әкесі де, алайда, екіншісі біріншісінің ұлы емес. Сонда кімі болғаны? Қызы.....

Дұрыс. Қызы.
+6 дауыс
2.  екіншісі қызы
ия менде солай ойладим
+9 дауыс

Бір қаз ұшып келе жатса, қарсы бір топ қаз кездеседі. 1 қаз сендер нешеусіңдер?-деп сұраса, аналар "Біздің санымызға тағы осынша қосса, сосын тағы жартысын қосса, сосын ширегін қосса, сосын сені қосса жүз болады деп жауап беріпті. Сонда неше қаз болғаны? 36 қаз

+8 дауыс

Әдетте адамдар бас киімін кімнің алдыңда шешеді? Шаштараздың алдында.....

отирик айтпан Әдетте адамдар бас киімін әйелінің алдында шешеди
сурак дурыс койылмаган   ПАТША тәжін кимнің алдында шешеді деу керек еди
мен жұмысқа барғым келмиді
+8 дауыс

Сіз Алматыдан Мәскеуге ұшатын ұшақты жүргізесіз дейік. Бұл ұшақтың жылдамдығы сағатына 150 шақырым болса, қарсы соғатын жел жылдамдығы сағатына 30 шақырымды құрайды. Жол ұзақтығы 550 шақырым. Ұшақ салонында барлығы 24 адам бар. Ұшақ жүргізушісі, стюардесса, және жолаушылар. Стюардессаның жасы 22-де. Жолаушылар жастары 7 мен 48-дің арасында. Сонда ұшқыштың жасы нешеде болуы керек?

Бұл жерде ұшқыш менмін ғой сондықтан жауап менің жасым болуы керек менің жасым 22 де.............

Салем! 1-ші есепке қатысты сұрағым бар!! 22-де екеніңізді қайдан білдіңіз? Бұл жерде стюардессаның жасы 22-де.. және егер жасын сұрайтын болса, мәтіннің алдындағы жылдамдықтарды не үшін берген?? Жауап күтем)
сұрақтың басында ұшақты сіз жүргізесіз деп айтады да сосын әр түрлі мәлімет бере отырып сізді шатыстырады да сосын өзіңіздің жасыңызды сұрайды, ал мен Жантуған 22 жаста болғанмын, енді 1 сәуірден бастап 23 темін сондықтан сұрақтың жауабы 23 болып өзгереді. сізге түсінікті болды деп ойлаймын.
Түснікті! Рахмет! Және өткен ТУҒАН КҮНІҢІЗБЕН!!!)))
+7 дауыс
Берген жауаптардың барлығы дұрыс.
+7 дауыс
8 есепте қырық
Дұрыс жауап
+8 дауыс
4сурактын Жауабы* айел адам аягы ауыр колында баласы бар. Айел коре алады журе алады,   аиелдин колындагы бала, ол коре алады бирак кешип отпейди.   айелдин ешиндиге бала. Ол коре алмайды кешип отип алмайды.
+2 дауыс
7-ші сұрақтың жауабы:  Шаштараздың алдында шешеді.
+2 дауыс
8 ші есепке 40 (кырык)  деген жауап. окып кориндер
+3 дауыс
Сол жақтан оқысан да, оң жактан оқысан да бірдей сан қайсы?
Ол арине 11
+2 дауыс
8. Сол жақтан оқысан да, оң жактан оқысан да бірдей сан қайсы? 22 болуы мүмкін
0 дауыс
Оқыған екенғой ондаа 40 қырық....
...