0 дауыс
59.0k көрілді
Гайморит деген қандай ауру. Белгілері қалай білінеді?

6 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

«ГАЙМОРИТ» дегеніміз не?

Жоғарғы жақ сүйек қуысының анатомиялық ерекшілігін алғаш рет Highmore
(Гайморе) 1651 жылы сипаттап жазған. Сондықтан бұл қуыс гайморово қуысы
деп аталады. Жоғарғы жақтағы осы қуыстың көлемі 20 см3 тең. Пішіні
үшбұрышты пирамидаға ұқсас. Оның алдыңғы беттік қабырғасын ұрттың
жұмсақ тіндері жауып тұрады. Қабырғасының шұңқырлау жері (ит шұңқыр)
анағұрлым жұқа. Оның астында артерия, вена және нерв өтетін көзасты тесігі
бар. Оның физиологиялық қызметі – ауаны сулау, дыбысқа резонанс беру,
ауаны жылытып өкпеге жеткізу. Жоғарғы жақ сүйек қуысының қабынуын
«гайморит» деп атайды. Оған суық тию, тұмау, қызылша, жарақаттар әсері, т.б.
себеп болуы мүмкін. Сонымен бірге әртірлі бас - сүйек жарақаттары, жоғарғы
жақ сүйекте орналасқан тістердің асқынған периодонтит, периостит сияқты
аурулары да себеп бола алады. Мұндайда көбіне стафилококк, стрептококк,
пневмококк, тұмау вирусы, аденовирустар, саңырауқұлақ тәрізді
микроорганизмдер аурудың қоздырғышы болып табылады.
Гаймориттің жіті және созылмалы түрі клиникада жиі кездеседі. Қуыстың жіті
қабыныуы кезінде науқастың мұрыны бітіп, басы ауырып, дене қызуы көтеріледі.
Науқас адам мазасызданып, тамаққа тәбеті болмайды, басы немесе беті, жоғарғы
тістері, самай аймағы ауыратынына шағымданады.
Невралгиялық сипаттағы осы белгілермен бірге мұрынның шырышты қабаты бір
жағынан ісіп, сол жатқан серозды – ірің шығады. Басты алға игенде бөлінетін іріңді
зат көбейе түседі, өйткені бұл қалып іріңнің ағуына өте ыңғайлы. Аурудың алғашқы
күндерінде ауырған жақтағы иіс сезімі нашарлайды. Сонымен қатар науқас мұрыннан
шығатын жағымсыз иісті сезеді. Мұндай иіс басты төмен қозғалтқанда үдей түседі.
Кейде жоғарғы ерін үстіндегі бет терісі ісінеді, мұрынның кіреберісі қызарып, іріңді
заттың тітіркендіруінен жарылып кетеді.
Гайморитке нақтама қояр кезде риноскопия жасайды, рентгенге түсіріп, сырқаттың
түрін анықтайды. Қазіргі медициналық техникалық жабдықтардың мүмкіндігі зор.
Оларға компьютерлік томография, ядролық – магниттік резонанс аспаптары жатады.
Сонымен қатар, дәстүрлі түрде жасалатын диагностиқалық инемен қуысты тесу де
сырқат сыры туралы мәлімет бере алады.
Рентгенологиялық зерттеуде: 1) қуыстың пішіні мен көлемі; 2) шырышты қабат
пен сүйектегі қабыну құбылысы анықталады.
Іріңді құбылысты анықтаудағы өте нақты диагностиқалық әдіс – сынама тесік
жасау, ол ұшы сәл майысқан ине арқылы жасалады. Ол үшін мұрын жолының
шырышты қабаты жансыздандырылады. Сынама пункция тек нақтама қою үшін
емес, емдеу үшінде жасалады. Өйткені бұл әдіс қуысты бактерияға қарсы жууға
мүмкіндік береді.
Жіті гайморит дер кезіңде емделмесе гаймориттің созылмалы түріне айналады.
Қуыстың созылмалы қабынуында науқас адам мұрынның біржақты бітуіне және
бөлінетін іріңді затқа шағым айтады. Дене қызуы онша көтерілмейді. Жіті қабынуға
қарағанда мұнда жағымсыз иіс айқын сезілмейді, өйткені ауру осындай иіске үйреніп
кетеді. Ауру бірнеше айларға немесе жылдарға созылуы мүмкін. Оған адам ағзасының
иммундық жағдайының әлсіреуі, микробтардың вируленттілігі, мұрын шырышты
қабатының өзгеруі, мұрынның қисаюы, полип тәрізді ісіктердің пайда болуы себеп
болады.
Егер созылмалы гайморит дер кезінде емделмесе, көз, көз айналасы ауруларына,
бас сүйек ішіндегі ауруларға әкеп соғуы мумкін. Тіпті кейде бұндай асқынулар адам
өміріне де қауіп төндіреді.
ЕМІ. Қуыстың қабынуын тоқтату үшін оған консервативті ем және оталау әдістері
қолданылады. Негізінен емнің мақсаты – шырышты қабат ісігін қайтару, тыныс алғанда ауаның толық өтуіне жағдай жасау, полип тәрізді қатерсіз ісіктерді алып
тастау, шіріген, бүлінген тістерді емдеу немесе жұлу, іріңнің ағып шығуына амал
жасау. Антибиотиктерді, сульфаниламидтерді дұрыс қолданған жөн. Мұрын ісігін
қайтару үшін тамшылар ұсынылады. Ірің жиналған кезде жақ сүйек қуысы дәрімен
жуылады, қажетті дәрілер енгізіледі. Сонымен қатар адам ағзасының күш- қуатын
көтеруге қажетті биологиалық ынталандырғыштар, витаминдер, физиоем
қолданылады. Оталау іріңді – серозды гаймориттер, полипті гаймориттер кезінде
тағайындалады.


Гулайм Жолмағанбетова, Ақтау қалалық балалар емханасының ЛОР дәрігері.

0 дауыс
Кукушкадан кейін қанша уақыт үйден шықпау қажет?
0 дауыс
Гаймориттің миға қандай қатысы бар
0 дауыс
Бастапкы əсерлері қандай менің қазыр бір мұрным битіп сол үстінгі тістерім ауры
0 дауыс
Салеметсиздер ме? Менин мурным иисти сезбей калды 2 айдай болып калды жане аузым дам сезбейди ащы тущыны
0 дауыс
Алергиянын арты гайморитке айналды. Менде еки жакты  гайморит бугин ренген аркылы билдим. Тез жане келеси жылы кайта пайда болмайтындай емделсем болады?
...