География | 1.4k қаралды
1.4k қаралды
Неліктен Аустралияның елтаңбасында эму түйеқұсы мен кенгуру белгіленген?

1 жауап

Аустралия - Жер шарындағы ең кіші материк. Аустралия жер көлемі жөнінен жер шарында алтыншы орын алады. Материктің ауданы маңындағы аралдармен қоса есептегенде 7,6 млн шаршы шақырым.

Материк атауы латын тілінен аударғанда «оңтүстік» деген мағына береді. Себебі Аустралия материгі түгелімен оңтүстік жарты шарда орналасқан және оны оңтүстік тропик шеңбері дәл ортасынан кесіп өтеді.  Аустралия басқа материктерден өте ертеде бөлініп кетуіне байланысты мұнда ешбір жерде табиғи жағдайда кездеспейтін жануарлар мен құстар (кенгуру,үйректұмсық т.б) тіршілік ететіндіктен бұл материкті эндемиктер құрлығы деп атайды.

XVIII ғасырда ағылшын саяхатшысы Джеймс Кук Аустралияның шығыс жағалауы мен Жаңа Зеландия аралын ашты. Аустралия материгінің теңіз деңгейінен есептегендегі ең биік нүктесі Үлкен Суайрық жотасының оңтүстігіндегі Косцюшко тауы, бұл таудың биіктігі 2228 м. Аустралия материгі Жер шарындағы ең аласа материк болып есептеледі, оның теңіз деңгейінен орташа биіктігі 215 м құрайды.

Аустралия Жер шарындағы ең құрғақ материк, себебі оның 2/3 бөлігін шөлді аймақтар алып жатыр. Үнді мұхиты алабына жататын Муррей өзені өзінің ең ірі саласы Дарлингпен бірігіп Аустралияның ең ірі өзен жүйесін құрайды. Аустралияда беткі сулар тапшы болғанмен, жер асты суының қорлары мол. Аустралияда 33 артезиан алабы орналасқан. Мұнда дүние жүзіндегі ең ірі Үлкен Артезиен алабы орналасқан.

Материктің басым көпшілігін тропиктік шөл мен шөлейт зоналары алып жатыр. Бұл зоналардың барлық бөлігінде жылдық жауын-шашын мөлшері 200-250 мм-ден кем емес, бірақ үнемі ыстық болғандықтан булану мөлшері жоғары болады.

Материктің теңіз деңгейінен ең биік нүктесі - Үлкен Суайрық жотасы болып саналады. Үлкен Суайрық жотасының материктің шығыс бөлігінде орналасуының себебі осы шығыс бөлікке палеозойлық құрылымдар тән болып келеді. Мұхит суы жазда + 28C-тан, ал қыста +24C-тан төмен түспейтін жерлерде материк жағалауын бойлай әр түрлі пішіндегі маржандық құрылымдар түзіледі. Маржандық құрылымдардың ұзындығы 2300 шақырым, ені 2 шақырымнан 150 шақырымға дейін жетеді.

Тасмания аралы - Аустралияның оңтүстігінде орналасқан. Аралды XVII ғасырда норвег саяхатшысы Абель Тасман ашқан. Тасман аралында Аустралиядағы бірден бір жыртқыш аң тасман қалталы құбыжығы кездеседі.

Аборигендер - Аустралия халқының тек 1% -ын құрайды. Аборигендер аңшылық кәсіпті жақсы меңгерген. Олар ойлап тапқан бумеранг аңшылық қару ретінде қолданған. Еуропадан жаппай қоныс аударған ағылшындардың ұрпақтарынан материктің келімсек халқы аустралиялық - ағылшындар қалыптасты. Олар аборигендерді шығыстағы табиғаты қолайлы жерлерден шөлдерге ығыстырған. Қазіргі кезде материк халқының 97,5 пайызын ағылшын - аустралиялықтар құрайды.

Аустралия меринос қойларының саны жөнінен және жүн өндіруден дүние жүзінде бірінші орынды алады. Аустралияда қой шаруашылығын дамытуға қолайлы жайылымдық жерлер көп. Аустралияда 130 млн бас меринос қойы өсіріледі. Аустралия халқының көпшілігі теңізден 80 шақырымдық қашықтықта орналасқан, сол себепті ірі қалалардың барлығы осы белдеуде орналасқан. Аустралиядағы қала халқының үлесі 86%-ды құрайды. Ең ірі қалалары Мельбурн, Сидней.  Аустралия Одағының елтаңбасында эму түйеқұсы мен кенгуру бейнеленген. Бұл жануарлар тек Аустралияға ғана тән.  

118,314 сұрақ
305,093 жауап
153,297 пікір
67,435 қолданушы