0 дауыс
3.0k көрілді
елтаңба тану ғылымының атасы кім?

1 жауап

+2 дауыс
Елтаңба тарихы

  1-оқушы: Қазақ қазақ атанбай тұрып сонау түркі халқының рулық, тайпалық дәуірінен бері қарай әрбір рудың таңба, белгілері болған.Мұндай белгі қажет еді. Ол кезде жайылым үшін, жер үшін, сауда жолдары үшін рулар арасында дау-жанжалдар жиі болып тұратын. Осындайда кімнің қай рудан екенін, кімнің дос, кімнің қас екенін білу үшін әр рудың өз таңбасы болғаны дұрыс еді.

2-оқушы:  Мемлекеттер арасында сауда саттықтың дамуына бай ланысты ҮІ-ҮІІ ғасырларда Қазақстан жерінде Тараз, Отырар сияақты қалалардың ұстаханаларында жасалған темір, мыс, қола, күміс,алтын ақшаларда да таңба белгілер сызылған.  Мысалы, Тараз қаласында жасалған теңгелердің бір бетінде садақ белгісі , ал  екінші бетінде «аспан тектес түркі қағанының теңгесі » деген жазу бар.

3- оқушы: Алтын әшекеймен бірге жауынгерлердің қызыл түсті киімі де адамның шыққан тегін айқындайтын белгі. Ғұн, скиф-сақ әлемінде алтын бұғы күннің табиғаттың белгісі екен. Осындай символ- рәміздер «Есік » қорғанынан табылған алтын адамның үстіндегі қару –жарақтарда кездеседі.

4- оқушы: Шыңғысханды хан сайлағанда ол әр рудың қолбасшы бектерін бірін екіншісінен оңай ажырату үшін әрқайсысына жеке-жеке әскери  ат – ұран   қойған , құс аты, ағаш аты, және таңба белгілер берген. Ұлы жүз үйсіндердің қолбасшысы Майқы биге: «бүгіннен бастап сенің ұран белгің – салауат, бүркіт, қара ағаш, таңбаң сүргі болады ,» -деген.

5- оқушы: Енді өткен ғасырдың 70жыл бойында өмір сүрген Қазақ Кеңес Социалистік Республика- сының Елтаңба тарихын сөз етсек. 1925 жылы Қазақ  АКСР – ның орталық атқару комитеті суретші Александр Ивановтың жасаған елтаңба жобасын мемлекеттік елтаңба деп қабылдады. 1936 жылы суретшілер Черкас пен Нифонтованың жобаларын мемлекеттік елтаңба деп қабылдады.1940 жылы 10 қаңтарда елтаңбадағы «Барлық елдердің пролетарлары , бірігіңдер» деген жазу латын графика -сынан орыс графикасына өзгертілді.
нақты елтаңба тану ғылымдарының атасының есімі кім ?
Рәмізбен айналысатын ғылым салалары - геральдика (Елтаңба тану) мен вексилология (ту тану) өмірге келгелі де бірнеше ғасыр өткен. … Француз тарихшысы Менестрэ 1650 жылы осы мәселені жазған үлкен еңбегі үшін елтаңба тану ілімінің атасы атаңды.
...