+1 дауыс
3.5k көрілді
Нумерология ғылымы туралы ақпарат керек еді. Туған күнге,жылға, жасқа, адамның атына байланысты.

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Нумерология ғылымы сіз білмейтін құпияларды ашады

Нумерология – ежелден келе жатқан ғылымдардың бірі. Ол жеке тұлғаның өзіне ғана тән мінез, мақсатқа ұмтылыс, күш-жігер сынды қабілеттерін анықтауға көмектеседі. Адамның өзі білмейтін құпияларын да ашуы мүмкін. Оны жүзеге асырып көру үшін туған күніңізді білсеңіз жеткілікті. Әдетте 1-9 аралығындағы және қосымша 11, 22 сандары арқылы жүзеге асып отырады. Соңғы аталған екі сан ерекше қабілетті, мақсатына жетуде аянбай еңбек ететін жандарға тән. Оны қалай жүзеге асырамыз?

Мысалы: туған күніңіз 23.05.1993.

23=2+3=5. 05=0+5=5. 1993=22=2+2=4. 5+5+4=14. 14=1+4=5. Яғни бізге керегі «5» саны.

«1» саны шықса

Бір саны тұлғаның тәуелсіздігін, мақсаттарын айқын көре алатындығын білдіреді. Бір уақытта бірнеше тапсырманы орындай алатын күш-жігері бар. Көшбасшылық қасиетке ие. Мақсатына жету үшін маңдай терімен еңбектенеді. Кемшіліктері: эгоизм, шыдамсыздық және өзімшілдік. Олар ойланғаннан гөрі әрекет еткенді жақсы көреді. Өз пайдасы үшін айналадағыларды пайдаланудан тайсалмайды.

«2» саны шыққан болса

Бұл сан шыққан адамдар барлығымен достық қарым-қатынасты ұстанатын, сабырлы, ұялшақ жандар. Жолдастарының мықты болғандығын қалайтындығы осы қасиеттерінен болса керек. Табиғатынан кез келген кикілжіңді ретке келтіру қасиетіне ие. Топтық жұмыстарда ұнамды қасиеттерімен көзге түсіп, әрдайым сыпайылық танытады. Әділетті болуды ұнатады. Ұялшақтықтарының арқасында барша армандарынан бас тартады. Бірақ, өзге тамаша қасиеттерінің арқасында айналадағы адамдарға үлгі бола біледі.

«3» саны шыққан болса

Бұл сан шыққан адамдар тез тіл табысатын әрі ерекше ойлы болып келеді. Бұл санмен көбінесе суретшілер, ақын-жазушылар дүниеге келеді. Олар өмірден барынша ляззат алып, жақындарына жақсылық жасауға тырысады. Әрдайым өз пайдасын шетке ысырып қоюға дайын. Махаббат пен ғадауатқа да берік келеді. Қалай сүйсе, дәл солай жек көре алады. Кез келген қиын жағдайдан фантазияларының арқасында шығып отырады.

«4» саны шыққан болса

Бұл санмен дүниеге келген адамдар өмірге реалистік тұрғыдан қарайтын, байсалды жандар. Жұмыста бағалы қызметкерлердің бірі. Сезімдерге көп беріле бермейді, алдына қойған мақсатына жетпей тынбайды. Жеңілтек адамдарды ұнатпайды. Қандай жағдай болмасын өз шешімдерін өзгертпейтін қырсықтықтары бар.

«5» саны шыққан болса

Бұл адамдардың стихиясы – таңғажайып оқиғалар мен тәуелсіздік. Олар спорттың экстремалды түрлерімен, ғылыми зерттеулермен айналысады. Саяхаттағанды жақсы көріп, сүйіктілеріне көп мән бермейді. Істің шешімін бірден тапқанмен, оны аяғына дейін жеткізбейді. Бостандығын шектейтін адамдармен тіл табыса алмайды.

«6» саны шыққан болса

Нумерология ғылымында 6 саны тұрақтылықтың белгісі. Алайда қай кезде болмасын доминант болуды жөн көреді. Материалдық құндылықтарды екінші орынға қояды. Мұнымен қатар, мансап жолында үлкен жетістіктерге жетеді.

«7» саны шыққан болса

Бұл адамдар өте ұяң. Бір жақты болуды ұнататындықтан, шешім қабылдауда қиналады. Қоғам ортасында қорғаушысының болуын қалайды. Өмірде кемелділікке жетіп, армандарын мақсатқа айналдырады. 7 саны рухани байлықтың белгісі.

«8» саны шыққан болса

Бай әулеттің баласы немесе болашақта дәулеті асқан байлықтың белгісі. Көп ақша табу үшін, күні-түні еңбектенуге дайын. Олар үшін атақ пен дәреженің маңызы зор. Тәкаппарлық, қаталдық, билік жүргізуге деген құлшынысы көп жағдайда мақсатына жетуге кедергі келтіріп отырады.

«9» саны шықса

Бұл сан шыққан адамдар өзгелерге сенгіш, әрдайым қол ұшын беруге дайын жандар. Айналадағыларға үнемі жандары ашып, қайырымдылықпен белсенді түрде айналысады. Өкінішке орай, адамдарды тани алмайды.

Ал сізде қай сан шықты?

0 дауыс
Осыдан 2-3жыл алдын бiр қызбен танысып қалған жерiм бар едi сетевой маркетингте жұмыс жасайды екен алоэ вера заттарын сатумен шұғылданады екен, менен аты-жөнiмдi сұрады туған жыл ай күнiмдiде сосын телефонынан қарап тұрып менiң қандай адам екендiгiмдi, қай жерiм ауырады ауырмайды, мен туралы барлық мәлiметтердi айтып бердi таң қалдым, кейiн бiлсем нумералогия екен, ондай нумералогия интернеттен таба алмадым, қазiр өзiнен сұрайын десем тұрмысқа шығып кеткен болар!
Массагет кздан нумерология ғылымы туралы бір жазба көріп, содан бері қызығып жүрмін....
Ия жақсы нәрсе адамның қандай екендiгiн бiлуге көмегiн бередi
0 дауыс

Адамның көңіл-күйі, жолы болмай жүрген уақыттарда өзге бір тылсым күштен көмек іздейді. Адамдардың көбісі нумерология саласын бал ашумен шатастырып жатады. Бірақ, бұл дұрыс емес. Әртүрлі магиялық құбылыстарды жасау тікелей интуицияға байланысты. Сондықтан болжаған дүниелердің шынымен орындалуы екіталай. Ал нумерология саласы ежелден қалыптасып келе жатқан ғылым. Ол «сандарды зерттеу» деген мағынаны білдіреді. Нумерологияда сандардың көмегімен адам бойындағы қасиеттерді, ерекшеліктері мен психикалық ауытқуларын, тіпті қандай да бір аурумен ауыратынын да білуге болады. Яғни, біз нақты фактілерге сүйенеміз. Нумерологтардың да барлығы шындықты айтып, болашағыңызды нақты болжап береді деп те айта алмаймын. Себебі бірі әлеуметтік желі арқылы білген мәліметтерін өмірде қолданып, соның төңірегінде ғана жұмыс істейді. Бірі шын мәнінде өз саласының маманы болады.

Сандардың өз құпиялары бар. Мысалы, бір ғана сан бөлек мағына берсе, барлық санды бір жүйеге келтіріп, қосып есептеген кезде мүлде басқа мағына береді. Нумерологияда статистика бар, яғни сандардың адам өміріне қалай әсер ететінін білуге болады. Сондықтан, нумерология саласын бал ашумен шатастырмаған жөн.

Нумерологияны кез келген ғылым саласы меңгере алады

Нумерологияны кез келген ғылым саласы меңгере алады. Тек адам психолог бола білу керек. Және де адамдарға деген үлкен махаббат болуы шарт. Оларға көмектесуге деген үлкен құлшыныс болуы қажет. Нумерологтардың жұмысы оңай емес. Мен күніне 3-4 адам ғана қабылдаймын. Өйткені, клиентке көп энергиям кетеді. Адамдарда нешетүрлі энергия болады ғой. Бірі жаман немесе жақсы әсер етеді дегендей. Бірде маған түрмеде бір жыл отырған адам келді. Оның энергиясының әсер еткендігі соншалық, бір апта жұмысқа шыға алмай ауырып, жатып қалдым. Яғни, адам бойындағы ауыр энергияны кез келгені көтере алмайды.

Нумеролог болу үшін математиканы шемішкедей шағудың қажеті жоқ, тек адамды түсініп, жан дүниесімен жұмыс істей алсаң болды.

Толық мәліметті мына сілтемеден оқи аласыз.

...