Жанұя | 600 қаралды
600 қаралды
Бұл дау шешуін тапқанша мен де бұл дүниеден кетіп тынатын шыгармын. Не боларымды білмей кеттім екі ортада. Шешемнің жасы 64 те. Әкемнен 5 жасымда айырылдым. Татем екеумізді бірөзі қалай асырап жеткізем, қалай қатарларынан қалдырмаймын деп әбден шаршаған ғой бейшара анам. Уайымнан неше түрлі ауру да кез болған ( жүрек, қан қысымы деген сияқты). Мен оның барлығын түсінемін, осы үшін пір тұтамын. Бірақ... Үйленгеніме 3 жыл болды. 2 перзентім бар. Әйелім екеуі дос бола алмады. Бастапқыда жұмыстан келгенде шешемнің қабақ түйіп отырғанын көрсем келіншегіме бас салып сұрақ астына алып содан көретінмін. Айтқан уәждеріне сенбейтінмін. Бірақ уақыт өте келе өз көзім көріп өз құлағым естіді: еш нарсе жақпайды, еш нарсе ұнамайды, болмашы нарсеге түртпіштей береді екен. Барлығы бір қарағандағыдай онай емес. Тарбием қатынымды қорғаштап анама қарсы шығуды жат санайды. Ол деген мені осыған жеткізген адам ғой. Ашуланып ауырып қала береді. Оны естіген татем келіп екеумізге тағы сөйлеп кетеді. Бас қатты... Мумкін акенін тарбиесін көрмегесін мен үшін бұл сұрақтын жауабы жұмбақ шығар. Не істеуге болады? Өмірдің мәні кетіп қалды...

2 жауап

Дауды баса алмайсыз, егер араласа берсеңіз. Бірі анаң аяулы, саған берген ақсүтін, екіншісі жан жарың, басыңдағы бақ құсың деп бір ақын жырлапты, сол жырындағы екі оттың ортасында қалыпсыз. Өзі ащы, пәлегі тәтті деген сөз бар ғой. Анаңыз немерелерін жақсы көре ме?! Жақсы көрсе бәрі жақсы болып кетеді уақыт өте келе. Сабыр сақтаңыз. Араласа бермеңіз дегенім анаңыз келіншегіңізді қорғап шығатыныңызды , соның сөзін сөйлеп қалатыныңызды көрген сайын, жүрегінде қызғаныш, өшпенділік үдей түсетін сияқты. Ұлдарын келіннен қызғанатын енелер де болады ғой. Ортада балалар бар, анаңыз ақылды жан болса , бәрін орнына келтіреді.Жарыңыз екеуңіз сабыр етуіңіз керек, тағы да сабыр етуіңіз керек. Сүйіспеншілікпен, махаббатпен кез келген мұзды ерітуге болады, кез келген жүрекке жол табуга болады. Жұбайыңызда осы жақсы қасиеттер көп болса, ерте ме, кеш пе анаңыздың көңіліне жол табады. Жібімейтін жүрек жоқ. Алла Тағала отбасыңызға бақыт, береке берсін! Әумин! Сіз дұға етіңіз , отбасыңызда тыныштық, бақыт берекет орнауы үшін жиі дұға етіп тұрыңыз!
Екеуін дуэльге шығару керек, қолдарына пистолет беріп, содан біреуі тірі қалып, бұл дау біржолата шешіледі.

Олай етпесеңдер бұл дау одан сайын күшейе түседі, бітеді деп ойлама....
118,125 сұрақ
304,641 жауап
153,304 пікір
66,763 қолданушы