Мама, мама, мен сені сондай қатты сағындым. Жетім қыздың монологы

+3 дауыс
269k қаралым
Балалар үйінің терезесінен үнемі сыртқа қараймын да отырам. Сол сырттан әлдекімді күтем. Әлдекім деген мама, ол сенсің. Білесің бе, мама? Үнемі орындығымды осында әкелемін де сені күтіп отырам. Мам, мен сені сондай қатты сағындым. Ал кейде ...түсімде шашы ұзын әйелдің сұлбасын көрем. Оны өзімнің анам деп, артынан жүре бергенімде, сұлба ғайып болады.  Кейін оның жай ғана түс екенін біліп, жылап та алам. Білесің бе, мама? Еше мені тәрбиеші апай ұрды. Жо жоқ, ештеңе істегенім жоқ. Тек жай ғана дәл осы жерде сені күтіп  отырғам. Кенет сырттан жүзі жылы әйел бейнесін көріп, оны өзімнің анам екен деп, мені алып кетуге келді деп, менің осы жерде отрғанымды қаламадығой деп:

-МАМА! МАМА!МАМА! Мен мұндамын, мама!! Деп айғайлай бергенімде терезе алдындағы гүл жерге құлап қалды. Тәрбиеші апай көріп қоймасыншы деп тез тез жинай бастағанымда тәрбиеші апай келіп қалды да ұра жөнелді, мама

-Апай, кешіріңізші, байқамай қалдым дегеніме қарамастан ұра берді. Мама, білесің бе сол апайдың маған не дегенін?

-Әй жетімек, сен әке шешеңе керек болмағанда, маған қайдан ғана керексің? Деді де ұра берді... сол апайдың ұрғаны мына жер, мына жерім...көгеріп ауырып барады, мама....

Мама,мені мына жетімдер үйінен қатты қиналып кеттім. Өтінемін! Кел де мені алып кетші, мама! Уәде берем. Бұзық болмаймын, мама!

Адам емес, хайуан да өз баласын қорғаштай береді емес пе? Сен хайуан емес, адамсың ғой ,мама! Сен менің анамсың ғой, мама!

Тәңірім, кішкентай ғана бала жүрегіммен  жалынып сұраймын! Менің анашыма титтей болса да мейірім шуағын төкші! Сөйтсін де бұл жерден құтқарсыншы.... Осы тірлігімді қабыл алшы, мама....Мама,  мама , мен сені сооондай қатты сағындым, мама(

Осындай жан тебірертер монологтар бар ма? Жүректі лүп еткізер монолог керек?
• Санаты: Қазақ тілі
Авторы жане такырыбын айтып жибернизщи отиниш
Осы монологтың авторы ким??
авторы кім
"Жетім қыздың монологы" авторы кім?

7 жауап

0 дауыс
Жақсы жауап
Ана туралы монолог
Анашым мен ғой келген тағыда,
Алаңдамаңыз әкеме де келдім...

Уайымдамаңыз, сабағымның бәрі жақсы
Ағам да, жеңгем де, тіпті , Мерей мен Мираста жақсы

Тек...,  Тек сіздер ғана жетіспейсіздер

Сіздерді есіме алғанда сол жағым сыздайды

Кейде сіздердің суреттеріңізге қарап жылап та аламын

Әр ұйықтаған сайын сіздерді ойлаймын

Қашан түсіме кіріп сіздерді көремін жеген үмітпен әрине

Кейде бір ұйықтағанда оянбай сіздерге кеткім келеді
Өзімнің сыныптастарымның ата анасымен бірге жүргенін көргенде

Көзіме еріксіз жас келетінін білесіздерме

Мен бір сұрақтың жауабын әлі күнге таба алмай келемін
Қандай сұрақ деп ойлайсыздар?
Сіздер неге бізді тастап арғы дүниеге кеттіңіздер?
Мен ол кезде небәрі 9 жаста болдым ғой?!
Неге?  Әлі ештеңе түсінбейтін бала едімғой

Сонша неге асықтыңыздар?  Бізді мүлде ойламағандарыңыз ба?
Көбі айтады... Көбі демея қояйын бәрі айтады
Бұл тағдыр деп

Сонда біздің тағдырымыз осылай болғаны ма?
Бейкүнә сәби кезімізден бақытты болу, толыққанды отбасы болу бұйырмағаны ма?
Анашым сіздің жанымда болмағаныңызға міне тура 6 жыл болды
6 жыл бойы сол жағым ауырып келеді

Сол жағым дегенім жүрегім,  жүрегім сыздайды

Бекер сыздамайды,  сіздерді сағынғаннан сыздайды

Жәрайды сіздерге тағыда келермін
Оған дейін топырақтарыңыздың қасына ешкімді жолатпаңыздар.
+2 дауыс
Фариза Оңғарсынова
"Жетімнің монологы "

Базар іші дуылдап тұр. 12-13 жасар бала месқарын саудагердің алдындағы қуырылған құс етіне өзінің тарамыс қолдарын созып еді... Анау бірден байқап жиіркенішпен итеріп жіберді. Мен құлап жатқан баланың көзінен мынаны оқыдым:

Адамдар,
Адамдар қаталсыңдар!
Қаталдықтан әлі-ақ зар татарсыңдар.
Жалғыздықтан зарығып ашынғанда мен
Сендерді асылдар деп ем,
Сипайды-ау шашымнан дегем...
Жооқ! Тас екен жүректеріңде!
Шыншылдық деген жоқ екен тілектеріңде
Өздерің көлгірсіп жасырғаменен
Мейірімге сараңсыңдар,
Түбі содан жазымда табарсыңдар!
Бір жылы көзқарастарыңа зарыққанымда
Соның өзі-ақ бақыт қой қамыққан ұлға.
Найзағайдай атқылап жанарларыңда
Бір жола сөніп үмітім, балам жанымда
Жыртқыштар талап алғандай тарықпадым ба...
Әділеттен жұрдайсыңдар
Тақсіретін тартпай бір тынбайсыңдар!
Жала тартып сендерге жүгіндіп барып
Тас мүсіндеріңнен түңілдім налып.
Тағдырым менің титтейде елеңдетпеді
Бейжайлықтарың қорқытты
Мен емес, Сендер екенсіңдер бүгінгі ғаріп
Адалдыққа тапшысыңдар!
Әрине, данышпансығанда жақсысыңдар
Өзгенің қасіреттеріне
Қарайсыңдар қалайша есініп мүлде?
Бәрібір екен сендердің көм-төбелеріңе
Біреулердің көзінен жас кетпеді
Бұл күнде ұғындық бәрін
О адамдар! Сендердің зұлымдықтарың
Шыдатпай өртеді мені келіп,
Не деген пасық едіңдер....
Шуақсыз қорек емес пе, жасыл елімде
Мейірім аңсап жүрегім қансырап тұрған,
Зұлымдықтарыңмен қамшылаттыңдар!
Жанымда үміт, сенімімді көзге де ілмей,
Лақтырып тастап кеттіңдер, көзін жерге.
Сендерден байлық сұраман,
Сендерден байлық сұраман өліп кетсемде!
Алтындарыңды алмаспын төгіп кетсемде!
Мейірімге ғана мұқтажбын....
Білесіңдер ме?
Мейірімге ғана мұқтажбын.....


0 дауыс
авторы ким осы монологтын?
+1 дауыс
"Сол жағым сыздап тұр"

Анашым, мен ғой келген.
Еш алаңдама сабақтан шығып келдім.
Аналар да әкелер сияқты уайымдайды ма екен?
Білмеймін, бірақ өткенде Әлидің “мектепке бармасам анам іздеп, уайымдайды” дегені есімде..
Сондықтан сұрап жатқаным ғой…

Өткен апта мұғалім оң қолымда қалам,
Сол қолымда қаламсап деп қайта-қайта айтқызып
Оң мен солымды ажыратуды үйреткенді..
Енді білдім Анашым, оң жақ пен сол жақтың не екенін,
Енді түсіндім Анашым, сыздаған жердің қай жақ екенін
Енді түсіндім, анашым….
Саған келгенімде,
Мына жағым сыздап ауырады, мына жағым дегенім есіңде ме?
Сыздаған жақты түсіндіре алмағаным есіңде ме, Анашым?
Енді білемін, міне, мына жағым…
Сол жағым сыздап ауырады, Анашым….
Күн сайын сыздап мазалайды сол жағым,
Сыздап мазалайды..

Айшаның шашын анасы өріп беріпті кеше….
Анасымен қол ұстасып келіпті мектепке…
Үстіндегі жейдесі де тоқыма екен.
Қоңырау шалғанда бетінен сүйіп, «Сабағыңа бара ғой, қызым»- деді.
Мен сонда, ешкімнен жасырмай өксіп жыладым
Мұғалім: «Не болды?»- дегенде,
Жәй, сүрініп құладым, тізем ауырды дей салдым
Өтірік айттым, Анашым.
Сыздаған тізем емес, сол жағым болатын, Анашым.
Сол жағым болатын…

Менің де шашымды біреу өрсе екен дедім.
Әкем өрді бірақ
Әрине, Айшанікіндей болмады.
Тоқыма жейдем болса екен дедім.
Әкем “Қызым, тоқи алмаймын ғой” деді.
Ең болмаса мектепке дейін бірге барайық дедім.
“Қызым-ау, жұмысым бар ғой..” деді.
Көздерім жасаурап, жұмысқа барма ендеше дегенімде,
“Нанымыз ғой” деді әкем.
Үндемедім, бірақ мектепке дейін жылап бардым…
Сол жағым қайта-қайта сыздай берді бірақ ана.

Бәрінің нәскилері аппақ, менікі болса бозғылт.
Гүлсім “анам ақтарға түсті кірлерді қоспай жуады” деді.
Әкем бәрін қосып жуады, кір жууды білмегені ме сонда?
Әкем күн сайын нанға май жағып береді таңғы асыма.
Ренжімесін деп айтпаймын,
Бірақ…
Сыныптағылар күнде тоқаш, бәліш, тәтті нан әкеледі
Әкем тәтті нан жасай алмайтынын білем ғой, Ана.

Күн қарайды, мен кетейін енді..
Сабақтан шығып саған келетінімді білмейді әкем.
Біліп қойса, ұрыспайды,
Бірақ…
Көңілі босайтынын білем.

Топырағыңды кім шашқан, гүлдеріңді кім жұлып тастаған!?
Рұқсат берме, анашым, ешкім қол тигізбесін топырағыңа!
Әйтпесе соны ойлап тағы жылаймын ғой, ана.

Қарашы, топырағыңнан тағы бір уыс алайын деп.
Бет орамал ала келдім..
Білесің бе анашым?
Әр келгенімде бір уыстан алып,
Бір банкаға жинаймын топырағыңды
Үстіне суретіңді жабыстырып, төсегімнің басына қойдым.
Күнде таңертең оны құмарлана иіскеп сүйемін.
Ешкімге айтпа – бірақ кейде…
Кейде суретіңмен де сөйлесемін..
Қайтем енді, сені қатты сағындым..

Ертең ана туралы шығарма жазып келіңдер деді апай.
Әкеме жазғызам..
Апай біліп қойса қатты ұрысатын шығар,
Ұрысса ұрыссын.
Мен сені еш көрмесем, не деп жазып түсіндірем?
Сенің атыңды естіген сайын сол жағымның сыздайтынын,
Мұңға батып, кейде шыдай алмай жылайтынымды..
Қағаз бетіне қалайша түсірем?

Кетуім керек Ана,
Топырағыңды сүйдім..
Түсіме кіріп сен де мені сүй.
Бірақ, міндетті түрде түсіме кір..
Түсіме кірмесең,
Сол жағым сыздап оянамын, ана.
Сол жағым жылап сыздайды Ана

Міне мына жақ,
Сол жағым сыздайды, ана.
Сірә, сені өте қатты сағынғанымнан болар..

"Массагет" сайтынан алынды
0 дауыс
Жетім қыз монологындағы артын айтылып тұратын музыканы кім біледі ?
kiss the rain
0 дауыс
Өмір деген өтеді де кетеді,

Қайта оралмас , бір рет келіп кетеді,

Біз адамдар əттең оны түсінбейміз,

Өмір деген бір құдіретті күштің өзі еді.
0 дауыс
Авторы кім екееен????

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
0 жауап
21.02.2016 • Санаты: Қазақ тілі Oringul_Shataeva сұрақ қойды
127,753 сұрақ
322,322 жауап
153,150 пікір
72,778 қолданушы