0 дауыс
10.0k көрілді
Қазақстанның тағы басқа қай өңірінде бар екенін білмеймін біздің Атырау облысында кіндік папа мен кіндік мама деген бар. Бұл "ырым" қашан шыққан екен? Солтүстік, Шығыс, Оңтүстік, Орталық өңірдің тұрғындары сіздерде осындай ма?

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазақ баласының кіндігін кез-келген адамға кестірмеген.Кіндік шеше болатын адамды алдын-ала тағайындап қойған.Ол босанатын адамға үнемі қамқор болып,ақыл-кеңестерін айтып отыратын болған.Кіндік кесетін адамның бала тәрбиелеп өсірген,тәрбиелі,елге сыйлы адам болғанына аса назар аударған.Кіндік шеше балаға туыстық қатынасы болмаса да анасынан кейінгі ең жақын адамы болып саналған.Кіндік шеше де баланың тәрбиесіне мән берген.Қазақта "бала кіндік шешеге тартады" деген де сөз бар.Өйткені шыр етіп дүниеге келген нәрестені қолымен алғаш ұстаған адамның бойында болатын биоөріс пен қасиеттер белгілі бір мөлшерде балаға берілуі мүмкін. Қазір де ата-аналар өздері қалаған адамын перзентханаға апарып,баланың кіндігін кесуге рұқсат етсе...Кейінгі кезде әйел босанып жатырған жерге жақын адамдарын кіргізіп жүр ғой... Ал бүгінгі күні кіндік папа,кіндік мама деп жүргендері бос далбаса деп ойлаймын.
өте қызық тақырыпты қозғапсыздар, алайда далбаса дегеніңізге жол болсын! Өзіңіз сол далбасаны балаңызға кіндік әке мен шеше етіп тандап, есін білген балаңыз қалай сол ДАЛБАСАҒА ұқсайтынына таң қалатынынзға күмәнім жоқ.
0 дауыс
Негізінен қазақта кіндік папа деген мүлдем жоқ (Европадан клген дәстүр), Ал, кіндік шеше деп босандырып алған әйел адамды айтады, бұрыннан келе жатырған салт
0 дауыс
Далбаса деп отырғаным осы күні кіндік шеше,кіндік әке деп жүргендері тек қана ауруханадан көтеріп алып шыққан адамдарды айтып жүргені. Мен ауруханадан алып шыққан адамды кіндік шешеге есептемеймін
...