Миыңда қандай көрген жақсылықтарың бар, жамандықтарың бар, біреуге істеген жақсылығың бар, жамандығың бар, сол миыңның клеткаларында сақталып қалады, солар сен өлген кезде шамамен 10-15 күнге дейін істеп тұра береді, тура түс көрген сияқты, көріп жатасың. бірақ ол 15 күнің ол жақтың уақыты бойынша мәңгілік сияқты болады, біздің уақытпен өлшенбейді. Біреуге істеген жаманшылықтарың есіңе түсіп, барып одан кешірім сұрағың келеді, бірақ тұра алмайсың, солай қатты азапталасың, сол тозақ. Ал көп адамдарға жақсылық істеген болсаң, олар артыңнан жақсы сөздер айтып, құран бағыштап оқып жатса сен өкінбейсің қуанышта боласың, жаның қиналмайды сол ғой жұмақ деген. Басқа ештеңе жоқ, 15 күннен кейін миыңды жер астындағы бақа-шаян, жыландар, құрт құмырсқалар жеп қояды.