+1 дауыс
1.8k көрілді
Тогқа түскен адамды қара жерге жатқызса қайта тіріледі деп есітіп едім. Қабірден оралған адам деген бір аңгіме айтып беріп еді бір құрбым. Осы рас па? Ол қалай? Жер тогты тартып ала ма?

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Бұндай жағдайлар 100-дің біреуінде болуы мүмкін. Менде естіп едім осылай. Тоққа түскен адамды түнде жұлдыз шыққанға дейін қара жерге жатқызып қою керек. Ондай кезде ешкім айқайламау керек екен. Білмедім бұның қаншалықты рас екенін. Бірақ бұрын осылай еткен екен. Түнде жұлдыз шыққанға дейін қояды екен.
+1 дауыс
Егер өліп қалған болса білмедім, бірақ қатты тогқа түскен адамды жерге көміп қойса қара жер тогты сорып алады. Жердің тогты сорып алу қасиеті бар деп физикадан беретін апайымыз айтқан бұрын.
Мүмкін Жерімізді Кішкене Тереңірек түсінерміз! Жердің құрамындағы Кремнииге байланысты!
Белгісіз
0 дауыс
Егер тоқ едәуір көп волтпен соқса онда тірілмейді.Ал шамалы волтпен соқса онда қайтадан тірілуі мүмкін.Оны жәй жерге жатқыза салмайды.Жерді шамалы қазып,дымқыл жерге жатқызып,бетін ашық қалдырып,қалған жерін топырақпен көмеді де салқын су құйып қояды.Сол кезде балшық адам бойындағы тоқты сорып алады.
Наоборот. Үстіне су құймау қажет. Және дымқыл топыраққа салмау қажет. Суға салса бойындағы тоқ қайтпайды. Бізде бір адам солай жасайм деп баласынан айырылған((.
Дымқыл болуы керек.Мысалға өлді деп жерлеп тастаған адам қабірде тіріліп кеткен кездер болған.Ал қабірдің іші дымқыл болады.Себебі жер ылғал
Жооқ. Мен куәмін. Бір адам солай баласын суға салған. Арты қайғымен аяқталды.(
Дұрысы сені тоққа тартып үстіңнен су құйып көрейік))))қалжың ғой
Өзің бір қоймайды екенсің). Қабірдің іші дымқыл дисің. Өзің тоққа түсіп, соның ішінен тіріліп келгендей)) қалжың ғой.
Былтыр тоққа түсіп,қабірге барып келгем,сосын айтып отырмынғой))))
+1 дауыс
Көркем, медицинада" биологиялық өлім "және" клиникалық өлім" деген терминдер бар Ток ұрсын және басқа бақытсыз жағдай болсын егер адамда "биологиялық өлім" болса.,ол адам өмірмен қоштасты ,қайта тіріледі деген бос әурешілік.Ал егер ток ұрған адамда "клиникалық өлім" болса, онда ол адамды реанимациялық тәсілдермен бетін бері қаратуға болады. "Биологиялық өлімде" адамның миының барлық бөліктері, барлық қабаттары қайта қалпына келмейтін өзгерістерге ұшырап,қызметін тоқтатады, яғни адам шынымен де өледі және ешқашан тірілмейді. .Ал "клиникалық өлімде" жүрек соқпаса да,тамыр соғысы білінбеседе,қан қысымы жоқ болса да ми өлмейді,өз қызметін сақтайды. бұндай адамдар қайта тіріліп, есін жиып ана дүниеден келгендей болып елді шошытып жатады. Тоққа түскен адамды қара жерге көму жедел медициналық көмек жетпегенде халық арасында  пайдаланатын реанимациялық тәсілдердің бірі болуы керек. Қабірден қайтып келген адамдар  болған, және оларда "клиникалық өлім" болып,кайта тірілген болуы мүмкін. Жалпы адамды жерлегенде,жалаңаш жерлемейді, кебін кигізіп жерлейді,және топырақты мәйіттің үстіне тікелей салмайды.Жалпы әр халықтың мәйітті қалай жерлейтіні жөнінде өздерінде ғасырлап қалыптасқан салт дәстүрі бар.
Тоққа түскен адамға су тигізсе жағдайы нашарлайма, беті бері қарайды ма?
Су тигізуге болама, әлде болмай ма білмеймін. Бірақ, токқа түскен адамда ең бірінші қанның электролиттік қасиеті өзгереді, яғни кан тамырларда тромбалар пайда болып тамырларды бітеп қалады.Қан иондары ең көп сұйық зат болғандықтан адамға өткен ток сол тамырлардың бойымен жүреді. Өздерің физикадан білесіңдер ток деген зарядталған бөлшектердің бір бағытта қозғалуы.Тамырдың бойымен ток жүргенде,тамырдың айналасындағы басқа тканьдер қызып күйк алады, яғни адамның еті терінің астынан куйіп, пісіп қалады..  Токқа түскен адамда токтың кірген жері мен шыққан жері болады. Егер токтың жүрген жолы қысқа болып, тез өтіп кетсе қызу прцессі аз болып,тканьдер күйіп үлгермейді яғни көп зиян келмейді. Ал егер кірген жері бар, бірақ шыққан жері жоқ болса, ол адам іштей көп күйік алған болуы мүмкін.Адамның тірі қалуы,қалмауы да күйіктің көлеміне байланысты. Бірақ ток соққан адам аз дегенде үш күн ауруханада бақылауда болғаны дұрыс. Және бұндай жағдайда қанды сұйылтатын терапия қолданады.Ақжол, осында Еріккен қолданушы деген фельдшер бала бар,көбірек білгің келсе сұрасаң болады.
Кеңесіңізге рахмет. А Еріккен қолданушыны ондай деп ойламаппын))
...