+1 дауыс
637 көрілді
1917-1933 арасындағы қазақ тарихы кәдімгідей жоқ, иә? Төңкеріс бәрібір рөл ойнады ғой? Осы тұс кәдімгідей үңірейіп тұр. Тарихи әдебиеттер білсеңіздер, айта отырыңыздар. Неге зерттелмейді? Әлде -, дегенмен көпшілік қызылдарды жақтаған болып шығады деп қорқа ма? Алаш тарихынан бөлек еңбек бар ма? Айталық, НЭП-ті қазақтар қалай қарсы алды. Кәсіпкерлікпен айналысуға бетбұрыс болды ма?
Сосын, қытай қазақтарының тарихы неге жоқ? Моңғол қазақтарының тарихы ше? Бірде Сауытбек Абдрахмановтың "Моңғолия қазақтарының барлығы көшіп бармаған, көбісі - байырғы тұрғындар" дегенін естіп қалып едім...

1 жауап

0 дауыс
Шыныменде тарихта 1917 жылы болған Қазан төңкерісінен басқа ереулі оқиғалар тарих беттеріне түспен екен. Сіздің сұрағыңызға қызығып шыныменде неге жоқ екен деп ғаламторды біршама ақтарып қарап едім, ол жылдары белен алған оқиғалар зеріттелмей, жарыққа шықпай, тарих беттерінен орын алмағанын білдім. Негізінен ол жылдар аралығында көбіне әдебиет жағынан көп зеріттелген секілді. Байқасаңыз сол жылдар аралығында қазақ ұлтынан шыққан көптеген әдеби жазушыларымыздың жарық көрген жазбаларын табуға болады.
...