Заң | 588 қаралды
588 қаралды

Мына фото суреттегі. Ұзақ жыл бұрын өзім ойлап тапқан Ой еңбегім еді. көпшіліктң игілігіне жаратқым келеді. қандай мүмкіндікті қолдануға болады? Түсінген адамға әр отбасына өте пайдалы идеия. Авторлық құқықты алу үшін бірінші кімге өтініш береді ? 

1 жауап

«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы N 6-I заңының (бұдан әрі – Заң) 34-бабына сәйкес туындыны тіркеу үшін Сізге өтініш, туындының данасын, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, мемлекеттік тіркеу үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасын (Заңның 9-1-бабының 3-тармағы) ұсыну қажет. Заңның 9-1-бабының 13-тармағына сәйкес автор (авторлар) немесе құқық иеленуші тіркеуге ұсынылатын материалдарды нөмірлеуге, тігуге және оларға қол қоюға тиіс. Өтініш нысанын және тіркеу алымын төлеуге арналған деректемелерді біздің интернет-ресурстағы (www.intellkaz.kz(link is external)) «Туындыларға құқықтарды тіркеу» бөлімінен қарауға болады. Құжаттар пошта арқылы не өз қолымен демалыс және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген мереке күндерінен басқа күндері күн сайын 9.00-ден бастап 17.00-ге дейін, үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін қабылданады. ҚР ӘМ Зияткерлік меншік құқығы комитетінің заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, №13-кіреберіс, каб. № 1019.
Жақсы Жауап
118,314 сұрақ
305,095 жауап
153,297 пікір
67,435 қолданушы