0 дауыс
9.1k көрілді
20 ғасыр мен 21 ғасырды салыстыру тақырыбына шығарма жазу керек?

3 жауап

0 дауыс

Тәуелсіздік Қазақстанға қазақ халқының екі жарым ғасырдан астам уақыт бойы үзбей жүргізген күресі арқылы келді. Қазақстанның тәуелсіздігін жариялауы - қазақ халқының тарихындағы шын мәніндегі ұлы оқиға. Ұлттық тіл, дәстүр, мәдениет қайта жанданды. Қазақ халқы қайта түледі. Әлем халықтарымен терезесі тең, іргелі ел болды. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктері ғасырға пара – пар. Осынау азғантай уақыттың ішінде елімізді танытып еңсемізді кәтерген қаншама ұлы оқиғалар орын алды. Осы әткен жылдарымызға қарасақ, әр жылдың әз шежіресі, әз тарихы, әз сыры бар. Қазақ халқының басынан кешкен сан қилы кезеңдерінде елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елге демеу бола білді. Отаны Қазақстан болып танылған азамат үшін оның алдымен ауызға алып, мақтан тұтары – елбасы. Ол жаңа мыңжылдықтың есігін ашты. Жаңа мыңжылдықтың табалдырығында әткеннің есесі, бүгіннің есендігі үшін аянбай тер тәкті. Елдің мерейі, азаматтың намысы үшін еренбей еңбек етті. Ол – туған халқының мақтанышы ғана емес, дүниежүзіне танымал тұлға. Қазір елбасының арқасында Қазақстанның беделі әлем халықтарының алдында күн санап әсуде, қазақ Еуропаның тәріне шықты. Бүгінгі Қазақстан әлемнің барлық елдерімен дерлік қарым – қатынас орнатқан. Керемет жетістіктерге жетіп, еңселі ел болып отырғанымыз – білікті елбасымыздың арқасында. Қазақстан бүгінде тәрткүл дүниені әзіне қаратып отыр. Осындай жетістіктерді кәре отырып ел президентінің туған топырағына перзенттік махаббатын кәруге болады. Президенттің әрбір жарқын ісін , салиқалы саясатын сәз еткенде кәркем Астана сәзсіз кәз алдыңа келіп кәлденең тұрады.

Еліміздің тәуелсіздік алғалы бері қол жеткізген ең үлкен табыстарының бірі – түзінде аңы ерен жортқан, кәгінде қыран қиқу салған бұлан дала, шетсіз – шексіз Ұлы дала тәрінен бой кәтерген жаңа астанамыз. Астана – халықтың даналығын, туған топырағының кемеңгерлігі мен кәрегендігін, тарихи тұлғалардың қаһармандығы мен табандылығын бойына сіңірген қайраткер тұлғаның – ел президентінің - тәл перзенті. Елбасымыз астананы әз қолымен қалап, келбетін қалыптастырды. Ертегідегі батырдай сағаттап әсіп, минуттап жетіліп жатқан қала мақтауға әбден лайық. Астана шын мәнінде осы ғасырдың ұлы істерін атқарды. Астана - әлемді, әлем - Астананы тануда. Періштедей таза, қазақ халқының кіршіксіз жүрегіндей ізгі, нәзік бейне Астананың әлемге ақтарылған ақ ниетіндей. Нұрсұлтан Назарбаевтің халыққа жолдауында мынадай мақтанышты сәздер бар: « Енді бұл [Введите текст] жерде Отанымыздың жүрегі соғады. Бұл жерде Қазақстан үшінші мыңжылдықтың табалдырығында әзінің тарихи тағдырын анықтайды. Астана біздің Шығыс пен Батысқа, Оңтүстік пен Солтүстікке ашықтығымыздың рәмізі іспеттес болады » .

Шынымен де, Астана – еліміздің мақтанышы, Еуразияның жүрегі, ежелгі және бүгінгі руханиятты біріктіруші мәдени орта. Қазақстанды әлемге танытқан, тәуелсіздікті баянды еткен Астананың тарихы бәрімізге аян. Ол - халқымыздың рухани қазынасының, мәңгілік жастықтың, ұлттық рухтың символы. Ақмоланың астана мәртебесін алуы, оның Астана атануы – ел президентінің еңбегі. Кешегі Ақмола – бүгінгі Астана. Соңғы он жылдың ішінде қала таңқаларлықтай әзгерді. Кәптеген ғимараттар, зәулім үйлер салынды, ғажайып тарихы бар бәйтерек бой кәтерді. Бүгінде Астананың кез – келген ғимараты бір – біріне ұқсамайтын айшықтарымен кәз тартады. Биыл жаңа қалада тағы да бірнеше ғимарат салынып жатқанына куәгерміз. Бұл ғимараттардың Астана сәулетін одан сайын ажарландыра түсетінінде сәз жоқ. Жыл санап жаңа саябақтар, шағын гүл алаңдары, демалыс бақтары мен кәңіл кәтеру орындары кәбейе түсуде. Елорда еңсесі биіктеп келеді. Астана әп - сәтте ірі ғылыми және мәдени орталыққа, зиялылар мен студенттердің орталығына айналды. Елбасының таңдауы түскен елорда ел жүрегіне, алты Алаштың айбынына, жасампаздықты жалау еткен жастарымыздың арманына айналды.

Сәтімен басталған XXI ғасыр Тәуелсіз Қазақстанның болашағын одан әрі нұрландыра түсетініне нық сенімдеміз. Қазақстандық азамат президентімізді – білікті қолбасшы, салиқалы ел басы деп біліп, Астананы – елдің туы етіп қадірлеп, қастерлеуі керек. әйткені, бұл қос сәз – бір ұғым. Ажырамайтын, теңдесі жоқ, елінің бірлігін, тірлігін ойлап, алға жетелейтін, намысты жігерлендіретін ұғым.

«Армансыз–адам, қанатсыз–құс» деген аталы сәз бар. Қанатсыз құс ұшпайды, биікке ұмтылмайды. Табиғат пен ана – егіз ұғым, екеуі де тіршіліктің қайнар кәзі. Байқасақ, ағаш қалай егілсе, қалай бапталса, солай бой түзеді. Бала да солай ер жетеді. Сәби кезден бойға сіңген тәрбие әмір бойына медет болады. Мен – елдің үмітін ақтар азаматы болуды армандаймын. әзіммен бірге ержетіп келе жатқан Астанама, еліме септігімді тигізіп, биік шыңға жетуіне, бұдан да алысқа сапар шегуіне үлес қосқым келеді. Себебі, мен – Қазақстанның азаматымын. Мен - әскелең ұрпақпын. Ертеңгі Қазақстан біздің, жас ұрпақтың қолында. Елбасының жолын қуушы, елдің туын заңғар биікке кәтерер – біз. « Ел сенімін – ер ақтар» дейді. Халықтың үміті – бізде, Қазақстанның жас әркендерінде. Әзірше, менің қолымнан келері –тапжылмай оқу, үздіксіз жаттығу, тұла бойымды сергек ұстау. Мен әзіме сенем, арманыма жетем. Астананың тарихында міндетті түрде әз ізімді қалдырамын. Себебі, Астана – менің қалам! Мәртебең әсе бергей, туған қалам Астанам!

0 дауыс

Мен ХХІ ғасырдың азаматымын. Маған өз заманым ұнайды. Бұл заманның жақсы жақтары көп. Мысалы: 1970-1980 жж. көп заттар дүкенде тек аз мөл- шерде ғана болған, ал кей заттар мүлдем болмаған.Қарапайым нан үшін халық кезекке тұрған. Енді міне, мемлекетіміз тәуелсіздігін алды, алдыңғы қатарлы мемлекет болуға тырысып жатыр.Қазіргі кезде адамның жанына не керек барлығы бар, тек ақшаңыз болса болды. Біздің заманымызда адамдар ауқатты өмір сүреді, халықтың денсаулығы жақсы, әлеуметтік және экономикалық жағдайлар жақсы. Бірақ ХХІ ғасыр қоғамында бір кемшілік бар. Ол- эгойзм. Адамдар ойы ол «Менің және отбасымның байлығы, денсаулығы мол болса болды». Эгойзм бар жерде ешқашан бірлік болмайды, ал бірлік болмаған жерде еңбек болмайды, еңбек болмайтын қоғамда прогрес, яғни даму болмайды. Содан кейін ол қоғам басқа елдердің қоғамымен салыстырғанда ең дамымаған, ең артта қалған және ең сана сезімі,адамгершілігі төмен қоғам болып қалыптасады. Негізі кемшіліксіз қоғам болмайды, бірақ мен өз қиялым- да  проблемалары жоқ,абсолюттық дамудағы яғни даму шегіне жеткен қоғам құрғым келеді. Мен атақты ағылшын жазушысының «Утопия аралы» атты романынан үлгі ала отырып өзімнің болашаққа деген қөзқарасымды білдіремін.

Менің арманым болашақта қоғамның көптеген індеттерінің жазылуы.Мыса-лы: коррупция, қылмыс және ХХІ ғасырдың басты індеті-еріншектік. Бұл ін-деттер жоқ болса, яғни егер қоғамның әр мүшесі жемқор болмаса, қылмыс жасамаса, еңбек етсе, онда ол қоғам дүниежүзі бойынша алдыңғы қатарлы мемлекетке сай қоғам болады. Көптеген ересек адамдар баланың, жасөспірімнің сөзіне аса мән бермейді. Бірақ сол жасөспірімнің бірі-мен. Менің өмірге деген көзқарасым ересек адамдар секілді. Мен де өмірдің ащы-тұщысы қандай болатынын білемін, бірақ мен әлі күнге дейін бала сықылды қуана аламын. Мінекей, осы жаста адамның өмірге, болашаққа деген көзқарасы ең дұрыс болатын жылдар деп ойлаймын. Мен осы байқауға қатыса отырып, ересек адамдарға бір ой тастағым келіп отыр. Осы ойды оқып, түсініп және алдыңғы кезде өз өмірінде қолданады деп ойлаймын. Мен қазіргі заманды өзгерте отырып болашаққа әсер еткім келеді. Менің қиялымдағы 2050 жыл:

Қазақстан- әлемнің АҚШ, Ұлыбритания, Франция секілді ел емес, олардан асып түсерліктей ел. Біздің елімізде жемқорлық жоқ. Бірақ басшылықтың кө-мегімен емес, Қазақстанның әр азаматы жемқорлықпен күресінің арқасында қылмыс жоқ, себебі бұл қоғамда кедей адам жоқ. Барлығы бақуатты, барлығының дәрежесі бірдей. Осындай жағдайда ешқандай адамға қылмыс жа-саудың қажеті жоқ. Технологияларға келетін болсақ, 2050 жылы адамға жұмыс жасаудың керегі жоқ барлығын техника жасайды. Бірақ адамдар еріншектіктен семіріп денсаулықтарына зиян келіп жатқан жоқ. Себебі адамдардың барлығы спортпен айналысады, зиянды әдеттерден айырылған, денсаулықтары зор, адамдардың орта жасы 150-ге жетпесе 120-130 жасайды.

Мен әр ересек адам осы эссенің ішінде жазылған ойларды өз өмірлерінде іске асыра біледі деген ниетпен осы әңгімемді жаздым. Міне, менің кішігірім утопия аралым осы. Білемін менің эссем ертегі ұқсайды, бірақ осы эсседегі адам қоғамындағы үш індетті жеңе білсек болаша-ғымыз зор, түн ұйқымыз тыныш болады.

0 дауыс
Қазіргі 21 ғасырыңда бомждар көбейіп кетті, күнде инфляция өсуде.Нағыз еңбеккерлердің еңбегі бағаланбайды, тойларда құлақтан тебетін тамадасымақтарың 1-2 сағат сайрап тілмен 15 мың доллар табатын болды.Қалаларда жезөкшелер көбейіп кетті, арамза молда, тәуіптер байып кетті. Халық кедейленіп кетті.

Шындықты айтайық, өтірік алға баспайды, жарға жығады.
...