0 дауыс
480 көрілді

Парижде болған бірнеше теракт салдарынан 140 адам қаза тапты. Бұл жолы не үшін? Не үшін қатысы жоқ адамдар қаза болу керек? Кімдер бұл қанішерлер? Бұлар да өздерін мұсылманбыз демекші ме? Сонда басқа миллиондаған мұсылмандар не істеу керек?

париж теракт

2 жауап

–1 дауыс
Жаман хабар жеткізгеннің несі жақсы дейсің. Бірақ үндемей қалудың реті болмай тұр. Әлеуметтік желінің өмірімізге дендеп енуімен бүкіл әлем тұтас бір дене болып кеткен сияқты. Басқа құрлықтағы жағдай алаңдамасқа болғызбай жатыр.

Парижде сұмдық атыс-шабыс болуда. Associated press хабарлауынша, дәл қазіргі мезетте үш теракт болған.

1) Камбоджилік ресторанға келушілерді екі беймәлім адам Калашников мылтығымен атып тастаған

2) Франция президенті Франсуа Олланд өзі тікелей қатысып отырған, "Стад де Франс" стадионында Франция мен Германия арасындағы матч кезінде жарылыс болған. Франция президенті дереу оқшауланды.

3) Батаклан деп аталатын концерт алаңында атыс болып, беймәлім шабуыл жасаушылар бірнеше көрерменді тұтқынға алған.

Осы уақытқа дейінгі ақпар бойынша, 35 адам қайтыс болған.

Жұрттар әр жерден Перископ арқылы тікелей видео трансляция таратуда.

1944 жылдан бері алғаш рет Францияда коменданттық сағат орнады. "Абсолют қажеттілік" жағдайынан басқа шаруамен үйден шығуға тиым салынды.

Франция барлық шекарасын жапты.

Францияда өте жоғары деңгейде төтенше жағдай жарияланды.

Ресей және АҚШ президенттері Франция президенті Франсуа Олландқа көңіл айтып, көмектесуге ниет білдірді.
0 дауыс
Кінәлі көп, күнәлі жалғыз - адамзат!  Мыңдаған жылдық айтыс-тартыс, соғыс сол баяғы.
...