0 дауыс
750 көрілді
Елімізге белгілі жас әнші Маржан Арапбаева Парижде қамауға алынды дейді. Осы қаншалықты рас?

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазақ эстрадасының жарық жұлдыздарының бірі, «Жас Қанат», «Азия дауысы», «Славян базары» және т.с.с. халықаралық байқаулардың жүлдегері, «Екі жұлдыз» жобасының жеңімпазы, белгілі әнші Маржан Арапбаеваны Париж қаласында тәртіп сақшылары қамауға алды.

Әнші жазғы демалысты ойдағыдай өткізу үшін Франция астанасы Парижге өнердегі достарымен бірге ат басын бұрған екен. Экскурсиялық бағдарламамен әсем қаланың көрікті мекендерін аралап жүріп, келбеті мен табиғатына тамсанып, олар жергілікті қоғамдық көліктердің біріне мінеді. Алайда, трамвайда жол жүру ақылы екенін естен шығарған. Жол ақысын уақытылы төлемегені үшін оларды бақылаушы ұстап, жақын арадағы полиция учаскесіне апарған. Тәртіп сақшыларына арман қаланың сұлулығына тәнті болғаны соншалықты тіпті, жол ақысын төлеуді ұмытып кеткендерін айтқан көрінеді. Бірнеше уақыт учаскеде өткізіп, кешірім сұрап, ақтық сөздерін айтып әнші достарымен бірге полиция қызметкерлерінен оларды босатуын өтініп сұрайды. Әйтсе де, қатал заң барлығына ортақ. Полиция қызметкерлері қазақстандық тәртіп бұзушыларға ірі көлемде айыппұл салған. Соған қарамастан, әнші өнердегі әріптестерімен бірге қабағы қатыңқы, талапшыл тәртіп сақшыларының тілін табады. Кең тынысты зор дауысымен полиция учаскесінде қазақ тілінде ән шырқап беріп, полиция қызметкерлерінің көңілін аулаған екен. Мұндай тосын сыйдан кейін құқық органдарының қызметкерлері тәртіп бұзған өнерпаздарды босатқан екен. Париждің қатал тәртіп сақшыларының көңілін жібіткен қазақ әнінің құдіреті ме, әлде көмейіне бұлбұл ұя салған әншінің қоңыр үні ме, белгісіз. Сірә, әншінің алғырлығын полиция қызметкерлері жоғары бағаласа керек.

Дәл сол сәтте әнші және оның достары не күлерін, не жыларын білмегендері айдан анық. Дегенмен, елге оралған әнші Парижде бастан кешірген оқиғаны қазір күлкіге бөлене еске алады. «Көл бақасыз, адам қатесіз болмас» дегендей, әнші әр адамның өмірінде кішігірім ақымақ істердің болатынына түсіністікпен қарайды. Өз әрекетін де осындай қателіктердің біріне теңейді.

Париждегі қызықты демалыстан кейін бүгінде әнші шығармашылығымен тығыз айналысуда. Ән қоржынын кеңейтіп, «Тек қана алға» әнінің бейнебаянының түсіріліміне дайындық үстінде. Жаңа бейнебаян күз мезгілінде көгілдір экраннан көрсетіледі деп жоспарлануда.
0 дауыс
Ашейн проездке төлемеген үшін ұстап алған, кейн олар бастары істеп бөлімшеде қазақ өлеңін айтып берген сон жібере салыпты (олар проезды тегін деп ойлапты)
0 дауыс
білмедім ол жағын қамалса қамалған шығар телевизорда көрініп жүр гой!!!
...