0 дауыс
650 көрілді

Барлықтарыңызға сәлем! Өтінемін маған пайдалы кеңестерінізді беріңіздер екен! Мен өте көп ұйықтаймын. Сол әдетімді мүлде қоя алар емеспін. Оған қоса сонғы уақытта көңіл-күйім мүлдем болмай жүр. Қанша жерден шаруаларым көп болсада жатып ұйқтап қалғым келіп тұрады. Сабақтан келген кезде ештемеге қарамай ұйқтап қалсам барі жақсы болатындай көрініп, жата қалсам деп ойлап тұрамын. Содан барі ұйқтайын деп жатырған кезде тұрып аламын. Сосын түнімен ұйтамай, жай жатамын. Танертен сабаққа тұруға зауқым мүлдем соқпайды. Кейде ертерет ұйықтап ерте тұрайыншы деп ойлап, ерте ұйқасамда, танертен күндегіше тұра алмай қаламын. Үйдегілер сабаққа зорға оятады. Ешкім оятпаса түстен кейін бір-ақ тұруға да бармын. Осындай жаман әдетім бар. Содан қалай арыларымды білмей қиналып жүрмін. Осы жөнінде кімнің, қандай маманның көмегіне жүгінсем болады? Сіздерден өтінерім қатты сөкпеңіздерші! Мүмкіндігінше ақыл-кеңестеріңізді айтып маған көмектессеңіздер екен!..

2 жауап

0 дауыс
Ұйқышылдықтан арылып, сергек болуға лимон жақсы көмектеседі. Бұл жемістің емдік қасиеті ертеден-ақ белгілі. Бірақ оқымыстылар күн өткен сайын оның жаңа қырын ашу үстінде. Азғана уақыт бұрын жапондық оқымыстылар лимонның жұмысқа деген қабілетті арттыратын және ұйқышылдықтан арылтатын қасиеті барын анықтады. Лимон, әсіресе асыра жұмыс істеп, қатты шаршаған адамдарға жақсы көмектесетін көрінеді.-Лимонның бұл қасиеті бөлмеде күнделікті қайталанып отыратын, бір сарынды жұмыс істейтін жән компьютер алдында ұзақ отыратын адамдар үшін өте пайдалы. Жұмысы компьютермен байланысты адамдардың көзі мен миы тез шаршайтын болады.
0 дауыс
Мен үшін ең дұрыс жол ол спорт. Кунде кунде денеңді шынықтырып тұрсаң өзіңді әлдеқайда сергек сезінесің

Ұқсас сұрақтар

...