Қазақтар, мына лапшагондардың бір сөзіне де сенбеңдер!
Мұнай саласын, игеру анау айтқандай, соншалықты қиын емес.
Кеңес Одағы заманыннан бастап, мұнай саласын дөңгелетіп әкететін білімді де, іскер қазақ мамандары мен мұнай компаниялары да жеткілікті болды.
Бұл жерде Коммунистік пария қатарында шыңдалған шыншыл да, Қазақстан мен қазаққа адал патриоттарымыз қазіргі атақты жемқорларымызға халықтың байлығын жапыра жеуге кедергі келтіре бергеннен соң, біздің сол-мамандарды шетке ысыра берді.
"Шеврон" америкалық компаниясынан 78 милион доллар, "Ени" италияндық компаниясынан 23 миллион доллар пара алғаны үшін әлемге әйгілі болған, "Қазақгейт" соның салдары емес пе?
Егер, Қазақстанға инвестрлер келгісі келмесе, онда неге пара беріп келді?
Міне, көрдіңіздер ме, интервьюде келтірілген деректердің бірінің де шынайылығы жоқ.
Мысалы, Қазақстандағы мұнайды өңдеу соншалықты қиын емес.
Соғыс кезінде Доссор мен Махаттың мұнайын Т-54 танктеріне өңдеусіз-ақ құя берген фактны кім жоққа шығарады?
Ресей Мұнайына арнап құрылған тек Павлодар мұнай өңдеу зауыты ғана.
Үшінші өтірік дерегін айтайын.
Қазақстанда мұнайды 5 мың метр тереңдіктен емес, бар болғаны 900-1200 метр тереңдіктен алынады. Жақында ғана, ашылған мұнай қорларымыздың азаюына байланысты, одан да тереңдіктен мұнай қорларын іздеу керектігін Назарбаев айтты.
Сонымен қатар, тамақпен, және де тағы басқа сервистермен қамтамассыз етуді сөз қылу адамның артының күлкісін келтіреді.
Негізі, халықты қорқыта-үркіте ұстап, өздері жеңұшынан жалғасқан жемқорлықпен айналысып, ат төберіндей топ 17 миллион адамның қорынан көп байлыққа ие болуы екі дүниедеде жақсылыққа әкеп соқтырмайды.
Егер, жемқорлықтан ада болса кезкелген мемлекет он-ақ жылдың ішінде шіріген байлыққа ие болып гүлденіп кетеді. Ондай мысалдар тарихтан бергілі. Ал, бізде керісінше. Айналдырған бірнеше жылда қайыру көрмеген жемқорлар миллиардер болып шығып жатыр.