+7 дауыс
621 көрілді

Құрметті Сұрақ-Жауап сайтының қолданушылары.

Жақында сайтымызға 5 жыл толды. Осы уақыт аралығында біз өте көп жетістікке жеттік. Әрине мұнымен тоқтап қалмай, жаңа бағытта дамығымыз келіп Сұрақ-Жауап сайтын үлкен бір жобаға айналдырғымыз келеді. Сондықтан жаңа жылға дейін дайындық жұмыстарын жүргізіп жаңа жылдан бастап, тек Сұрақ-Жауап сайты ғана болып қалмай ақпараттық және сервистік сайт болып шағын порталға айналсақ деп едім. Осыған орай Сұрақ-Жауап сайтын мен толықтай:

https://surak.baribar.kz доменіне көшірсем қарсы болмайсыздар ма? Әзірге 301 редирект арқылы көшіргенде сіз байқамай қаласыз. https://surak.baribar.kz деп кірсеңіз браузер өзі автоматты түрде сонда жіберіп отырады.

Егер қайта индексациялау толықтай дұрыс өтетін болса, онда келесі айдың ортасына қарай https://surak.baribar.kz доменіне кірген кезде сіз Сұрақ-Жауап сайтының түрі жобамен https://surak.baribar.kz/new.php түрге ауысқанын байқайсыз.

Біз алдыңғы бетте тек қазақша жаңалықтар ғана ұсынып қоймай, Сұрақ-Жауаптың да форматын сақтап қаламыз.

Енді сайтты тек СЖ-деп атамай, CЖNews деп ұсынбақшымыз. Негізгі домен https://surak.baribar.kz болып қала бермек. Жарнамалық мүмкіншіліктерді қосып ол қызмет http://market.szh.kz доменінде сіздерге қызмет етеді.

Құдай қаласа сайтымызға Журналистер жұмысқа алынып, сапалы түрде қазақша жаңалықтар ұсынсақ, жарнама алаңына айналатын сервис ұсынсақ және де әрине Сұрақ-Жауап форматын сақтап қалғымыз келеді. Алып қосар ойларыңыз болса талқыға салып көрсек!

9 жауап

+4 дауыс
Іске сәт Ербол! Бұл жобаң сайтты салмақтандыра түсін, ересек адамдарды тартылуға әсер  етеді деп ойлаймын.Үлкен жолға түсетін уақыт келді деп ойлаймын.
0 дауыс
Бәрекелді! Викториналар "алаңқайы" ашылса тіптен жақсы болар еді. Өз тарапымнан жорналшылар санатына енсем деген ойым бар егер сіздердердің тараптарыңыздан ұсыныс болса . Қазақ тілінде дайджест әзірлеуге, ресми жаңалықтарды тәржімелеп жариялауға бек мүмкіндігім бар. Тәжірбиемде жетерлік.
0 дауыс
Сайттың беделіне (имджіне) нұқсан келе ме деп қауіптеніп отырмын, дегенмен байқап қарауға болады
0 дауыс

https://surak.baribar.kz доменіне көшірсем қарсы болмайсыздар ма?

Мен қарсы сияқтымын.

это же поддомен
Жеке субдоменге шығармасақ техникалық болмай тұр. szh.kz домені қалады. Тек сұрақтар ғана болмайды, жаңалықтармен араласып тұрады. Түрі қалай болатынын https://surak.baribar.kz/new.php көрсең болады?
0 дауыс
Мен де доменнің ауысқанына қарсымын. szh.kz деген қысқа əрі нұсқа
Жеке субдоменге шығармасақ техникалық болмай тұр. szh.kz домені қалады. Тек сұрақтар ғана болмайды, жаңалықтармен араласып тұрады. Түрі қалай болатынын https://surak.baribar.kz/new.php көрсең болады?
Көрдім өте жақсы!  Іске Сәт!!!
Жақсы жаңалықтарды көбірек жазып, нашар хабарларды жасыруға тырыссаңыздар нұр үстіне нұр болар еді. Жақсылықтың жаршысы СЖ!!! деп жүрер едік))) басқа жаңалықтар жазушылардан ерекшелігіміз сол болар еді. Қазір қайда қарасаң да жақсылыққа қарағанда жаман хабар тез тарайды(( көңіл күйің түсіп кетеді. жалпы идея жақсы)) өрлеп, өркендей беріңіздер))
0 дауыс
Жаңалықтар бөлімі қосыла берсін, бірақ бірінші СЖ жаңалықтары деген баннерді бөлек қойып қойса қайтеді.жарнама ретінде. Елдер соны басып көре бастайды. Ал бастапқы бет əзірге бұрынғыдай қала тұрады. Көздері үйрене бастағаннан кейін https://surak.baribar.kz/new.php бетін қойып қоясың. Менің ойым ғой.
+1 дауыс
Ассалаумағалейкум Администратор! Оқып шықтым күшті сияқты меніңше. А былай түсінген жоқпын. Негізі қарсылық ешкімде болмайтын шығар. Себебі портал боламыз.
0 дауыс
Habrahabr сиякты проект ойда бар ма?
Біз бастаған жоба http://codeo.kz бар.
surak.szh.kz ке редизайн жасау ойда бар ма? Барлык сайттардын дизайнын унификация жасасаныздар дурыс болар еди.
Белгісіз
Ия жақсы ескертіп кеттің. Унификация жасап қалуымыз мүмкін. Бірақ по этапно жасалынады. Әзірге мен үшін прироритет алғашқы бетті ақпараттық-жаңалықтық әрі сұрақ-жауап сайты екеуін біріктіру басты кезекте.
Сосын барып Сұрақ-Жауаптың сырт келбетін унификация жасай отырып http://demo.amiyasahu.com/donut/ осы шаблонға ауыстырмақ ниеттемін. Bootstrap-ты қолданатын шаблонды өзіме қарай бейімдеп орнататын боламын.
https://github.com/amiyasahu/Donut
Ұсыныстар болса талқылауға дайынмын. Рақмет ескертпеңе!
С нуля сверстать етуге болмайды PSD макеттен? HTML шаблон етип. Потом Движокка натянуть ететиндей кылып?  Зато дизайн индивидуальный болады.
Белгісіз
Әзірге ондай жұмыс көп уақытты алады және олай жасатуға қалтамыз көтермейді. Сондықтан әзірге бар мүмкіншілікті қоладнуға тура келеді.
+1 дауыс

Сайтты порталға айналдыру - сайттың дамуы деген сөз. Тек сұрақ қою мен жауап жазу ғана емес, қосымша функциялармен толықтыру қажет. Мысалы: қажетті программалар, медициналық және косметикалық кеңестер, жастар жаңалықтары, чат (Фейсбуктағы сияқты), танысу бұрышы, т.б. Басқа доменге көшудің еш зияны жоқ, автоматическое перенаправление болса. Сәттілік тілеймін!

...