+2 дауыс
13.9k көрілді

5 жауап

+6 дауыс
 
Жақсы жауап

 

 Оқушының құқығы бар:

 

 

1. Ана тілінде тегін оқу, медициналық қызмет, өмірінің қорғау, оқуға жақсы жағдай жасау, еңбек пен демалыс, мектепте уақытымен сапалы тамақтануға.

2. Жеке тұлғасын құрметтеу, керек жағдайда мұғалімдерге немесе басқа мектеп қызметкерлеріне өзіне қарату, олардан көмек алу.

3. Мектептен тиісті жағдайда қаржылы көмек алу.

4. Оқуда

- мемлекеттік және басқа бағдарлама бойынша сапалы білім алу, мектепішілік оқулықтар, құралдармен пайдалануға;

-оқушының аурып қалған және басқа жағдайда мұғалімдерден қосымша көмек алуға;

-сабақ арасындағы және басқа ұйымдастырылған демалыс, жексенбі және каникул күндерінде, сабақтан босатылған жағдайда;

5. Өз қабілетін және талантын жан-жақты дамыту, сыныптан тыс және мектептен тыс шараларды таңдауға.

6. Өз ұйым өмірінің сұрақтарын шешу кезде қатысуға

7. Өз қабілеті, білімі және мүмкіндігіне  қарай байқау, жарыс, сайыстарда өз сыныбын, мектебін таныстыруға.

8. Кез келген кезде бос орын болса, басқа сынып, мектепке ауысуға.

 

 

 

Оқушы міндетті:

1. Мектеп Жарлығын орындау, сонымен қатар:

-  мектеп жарлығына сәйкес жағдайда, мектеп қызметкерлер және кезекші оқушылардың айтқанын орындау, мектеп ішіндегі қалыптасқан ережелер, қауіпсіз техникасын және тазалықты сақтау;

- мұғалім және өз ұжымының тапсырысын орындау, сынып кезекшілікте және өз-өзіне қызмет жасауға қатысу;

- оқушылар, басқа мектеп қызметкерлерінің құқығын құрметтеу және олармен санасу, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп жасамау, даулы сұрақтарды тәртіппен шешу;

- мектеп, сыныпта тыныштық, сабырлықты сақтау:

- темекі шекпеу, денсаулыққа зиянды заттарды қабылдамау, сыпайы, сабырлы, киімін таза ұстау, өз-өзіне қарау

2.Оқуда:

- ынталы оқу,оқу процесіне кедергі жасамау,үйде және сыныпта мұғалім тапсырмасын өзіндік орындауға тырысу;

- уақытында сабаққа келу,оқу орнын таза ұстау;

- сабаққа мектепішілік формамен келу;

3. Мектеп ғимаратын, оқу құралдарын, мүліктерін сақтау, басқалардың еңбегін құрметтеу, өз және басқалардың заттарына, ағаштарға ұқыптылықпен қарау, егер зиян келтірген жағдайда ата-аналармен өтеу.

4. Су және электроэнергияны,тағамдарды үнемдеу.

5. Өз ұстау мәдениеті, еңбек және сөйлеу ережесін сақтау.

+1 дауыс
Білімді жетістіру - 11 бітіргеннен кейін емес, мектеп қабырғасында жүргенде басталатындығы туралы құқығын...)))
0 дауыс

Өз құқығы туралы білім іздестіру. :)

0 дауыс
Оқушы құқықтары:
1. мемлекеттік стандарт белгілеген мөлшерде жалпы білім алуға;
2. қосымша білім алуға;
3. ғылыми жұмыстармен айналысуға, кеңесулермен, конференцияларға, олимпиадаларға, көрме және жарсытарға қатысуға;
4. мектепті басқаруға қатысуға.
0 дауыс

kenester.kz осы жерден білуіңе болады деп ойлаймын.

...