+4 дауыс
3.5k көрілді

Мен ойланам. Толғанам дегенде миыма кіріп, шықпай қоятын кездер болады. Ұйықтар алдында, бағдаршамнан өтіп бара жатқан кезде, бос уақытта ойға шомған кезде фантазия әр саққа жүгіріп кетеді. Жолдан өтіп бара жатқанда бір көлік қағып кетіпті дим, қатты соққыдан ұшып бара жатып «мәә шынымен өліп барам ба» деген ойлар кеп жатады, бір адам жолда жатыр, ол кім, оны анықтау да күш болатын сияқты ғой, телефонымда құпиясөз, жеке куәлікте туған жерімнің мекен-жайы, ол жаққа барып жатпайтын сияқты, үйге қалай естіртеді, олар естіген соң не болатынын ойласам... Ужыс! Астапралла!!! Осы жерге келгенде өзіме келе қоям. Бойыңды түршіктіретін оқиғаларды ойлап нең бар деп өзіңді сөгіп аласың. Мұндай сұм ойлар ара-тұра келіп тұрады. (Үнемі көлік қағып кетпейді)) Өлімге деген көзқарасым-философиялық. Мен өлімнен қорықпайм, әр жақтағы «өмірде» не болады, сол жағы мазалайды. Ол жақта қиналмас үшін бер жақтан қамданып баруың керек, менің жүрісім мынау, енді онша емес. Парыздардың барлығы орындалмайды((( (ааа Сана бер!!!) Ол жақта ақша беріп немесе танысың арқылы өтіп кете алмайсың, «вроде» жаман адам емес сияқты едім, жолым болып кетер деп те құтылмайсың. Барлығы әділ. Оған қарағанда осы өміріміз оңааай сияқты ғой. Бірақ, «он екіде бір гүлің ашылмай кеткенге» қарағанда, өмірдің ащысы мен тұщысын көріп, жүгірмек немерелерің мен шөберелеріңді иіскеп, келіндерге алжыған кемпір атанып барып көз жұмған үлкен бақыт емес пе, иә? (Жаратушы тұрғанда, жаратылғаннан не сұрайсың, бірақ) Қанша айтқанмен, ғұмыыырлыы болыңыздаршы!!!

P.S. Кейбір адамдарға айтатыным, 500 жыл өмір сүретіндей немесе мүлдем өлмейтіндей жүрмеңіздерш осы

фейсбуктен алынған сияқты, авторы кім екен?

8 жауап

+1 дауыс
Мен өлімді былай түсінем:өлім-бұл жай ғана өмірден кету.Көп өмір сүремін деп ойламаймын,алайда аз деп те емес.
+1 дауыс
Ойланатын ештемесі жоқ. Өлесің қаласың болды. ұзаса бір ай өліп қалыпты деп айтар.... содан кейін ұмыт боласың...
0 дауыс
Өлімді жиі ойлап тұру әркімде болуы керек. Әйтпесе адам азғындап кетеді.
+1 дауыс
Қойыңдар өлім туралы ойламаңдар, жаман болады.  Әйтеуір өзекті жанға бір өлім бар екенін бәрі де жақсы біледі. Ең дұрысы жақсы істеріңмен таныла бер өлмейтұғын із қалдырыңдар, Абай сияқты.
+1 дауыс
Ол өлiм хақ. Өлгенде де абыроймен өлсең. Далада арақ iшiп жаурап өлсең, үйдегiлерге масқара ғой адамдардан. Ең әдемi өлiм ол -- Түнде ұйқыдан оянбай кетсең.
Ең әдемі өлім-намаз оқып отырған кезде өлу.(Тек әдемі өлім деп емес,жақсы деп айту керек сияқты,Меніңше:))
0 дауыс
Олимнен емес, қараңғыда тар жерде жалғыз жатудан коркамын деген екен бир данышпан адам ))) сол ұшында енді болатын нәрсені ойламаган дұрыс, жақсы зат болсада жаман зат болсада сюрприз болып келгени жақсы !!!!
0 дауыс
Менің өлгім келеді мына өмір мені керек етпейтіндей  күні бойы мен қашан өлем деп жүремін   жалғыз отырғанда ойымда баяғы сол өлім қазр мына үй құлап астында қалып өлембе деген сияқты сан түрлі ойлар келеді   ата ана достарды ойласам мен өлсем олар мен үшін жылайдыма  мені сол кезде сағынама  естеріне түсер мекенмін қиналмасыншы деп ойлап  қайта есімді жиямын  бірнеше күннен кейін тағы сондай ойлар мазалайды осылай өмірім өтеді екен
0 дауыс
Менің ойымша әрбір адам өлгеннен киін не істимін періштелер сұрақ қойса не деп жауап берем деп ойлану керек
...