0 дауыс
18.8k көрілді
Шешімі табылмаған сұрақ.

Сіз — 90.000 теңге тұратын Ұялы телефон сатып алғыңыз келді. Ол үшін 2 досыңыздан 45.000 — 45.000 теңгеден қарыз алдыңыз. Сонда сізде — 90.000 теңге болады. 90.000 теңгені алып, дүкенге бардыңыз. Бірақ, сіз ұнатқан Телефонның бағасы — 85.000 теңге болып, түсіп қалыпты. Оны сатып алдыңыз. Қолыңызда — Телефон және 90.000 теңгеден қалған — 5.000 теңге бар. Жол-жөнекей көріп қалған басқа Досыңыз — 3.000 теңге қарыз сұрайды. Оған — 3.000 теңгені бердіңіз. Қолыңызда — 2.000 теңге қалды. Сол 2.000 теңгені 45.000-нан қарыз берген — 2 досыңызға 1.000 — 1.000 теңгеден бөліп бердіңіз. Енді сіз — оларға 44.000 — 44.000 теңгеден карызсыз. Ал:

44.000 + 44.000 = 88.000

88.000 теңгеге — Үшінші досыңызға берген — 3.000 теңгені қосамыз = 91.000

Cұрақ: Артық қалған — 1.000 теңге қайдан шықты??!

5 жауап

0 дауыс
Бұл жерде сіз қателестіңіз. Ол 88 мыңға 3000 теңгені қоспайсыз. Себебі 3000 88000 ішіне кіріп тұр.
0 дауыс
88.000 теңгеге — Үшінші досыңызға берген — 3.000 теңгені қоспаймыз. Керісінше достарыңа қайтарған 2000 теңгені қосамыз, сонда = 90.000 теңге шығапды.
0 дауыс
Сенде калган 85000:2=42500 ( карыздан кутылып) 1000 косамыз 42500+1000=43500 ози куркан 3000 екеуине болип карызды тагы беремиз 43500+1500=45000
45000+45000=90000
+1 дауыс
Негизинде койылган суракта 1000 тг артылып тур! Соган жауап беру керек! Баска жолмен карастырмай! Неге артылып тур?!
0 дауыс
Бұл логикалык сурак сол ушин ауызша емес математика лық амал мен септеу керек сол кезде 90.000 қайта шығады
...