+2 дауыс
465 көрілді
Kazakhstan  әлде QazaQstan ?

6 жауап

0 дауыс
kazakhstan. Өйткені əрқайсына қарап көрсең екіншісінде бірден қазақ деген сөзді оқымайсың, ал біріншісінде бірден оқылад қазақ деп. Екіншісінің айтылуы да басқашамеспа
+1 дауыс
Екіншісі дұрыс ҚАЗАҚ /QAZAQSTAN деп дұрыс жазылып тұр, ал біріншісі орыс тілінен тікелей аударылып КАЗАХ /KAZAKHSTAN деп тұр.
Ол орыстардан алынғандықтан емес өздерінің тілдерінің үндестік заңына қарай солай алған болу керек
0 дауыс
Кazakhstan деп жазылады ғой барлық жерде.
Біз бұрын кирилицаға өтпей тұрып, Алаш зиялылары латын алфавитімен жазған. Сол кездерде олар "Қ" әрпінің орнына "Q" латын әрпін қолданған. Кейінірек ұлтшыл коммунистер бұрмалап Казах деп әдейі өзгертіп жазып жіберген.
Олай болса қайда сол Qazaqstan жазуы. Қазақстан атауын Қазақ еліне өзгертеміз дейді. Ал ол үшін қаншама құжатты ауыстыру керек екенін неге ойламайды жоғарыдағылар. Оның бəріне қаражат қайда!? Əу баста ойлану керек еді q бола ма ,k болама деп....
Белгісіз
Міне мәселе қайда жатыр, орыстарға жалтақтап отыр әлі.
–1 дауыс
QAZAQSTAN сөзінің оқылуы киазакистан болып кетеді, ал KAZAKHSTAN сөзінін оқылу Казакхстан болып тұр. Былай қарағанда "кх" - "қ" дегенмен бірдей емес пе? Қ әріпінің өзі к және х әріптерінің қосылуы секілді ғой. Сондықтан менің ойымша KHAZAKHSTAN деген дұрысырақ болады. Бірақ қазір барлық жерде, өзімізде де, шетелде де шығып жатқан карта болсын, тауар болсын, жол атауы болсын KAZAKHSTAN деген жазуменен шығады. Оның үстіне өзіміздін де көзіміз KAZAKHSTAN дегенге үйренді ғой ендігі...
Кирилицаға ауыспай тұрып, Қазақтар латын алфавитін қолданып келді ғой. Сол латын алфавиті бойынша біз Қ әрпінің орнына Q әрпін қолданғанбыз. Q әрпі қазақ алфавитінде Қ болып оқылған  болатын.QAZAQSTAN  дұрыс!  Казахстан деген ол орыстардың кемсітіп жазған атауы. Сен Казах емессің ғой Қазақсың.
+1 дауыс
Қазақ тілі латын алфабитіне өтсе "Қазақстан - Qazaqstan" болып жазылу мүмкіндігі бар...Қ=Q
Сенің пікіріңмен толық келісемін. Өйткені сенің пікірің дұрыс пікір!
0 дауыс
Сендер түсінбейсіңдер, бұрын Қазақ алфавиті латын әріптерімен жазылған. С.Сейфуллиндердің, М.Жұмабаевтардың  өлеңдерінің түп нұсқасын оқып көрңдер.
...