+1 дауыс
430 көрілді
Бірнеше күн бұрын мені шаян шағып алды. Бұл жәндік қауіпті саналатындықтан және шаққан жер ауыра бастағандықтан мен облыстық аурухананың травматологиялық емханасына көмекке жүгіндім. Алайда дәрігердің айтуынша, шаққанға қарсы жағатын арнайы сарсу бізде жоқ екен. Менің жарамды өңдеп, таңып берді. Бір жақсысы, шаян кішкентай болып, тез жазылып кетті. Алайда екпенің неліктен болмағанын білгім келеді? Уға қарсы екпе бар

1 жауап

0 дауыс
Мұндай жағдайда әрдайым да токсикологиялық сипаттағы медициналық көмек көрсетіледі. Облыстық ауруханада, сонымен қатар барлық аудандық медицина мекемелерінде қарақұрт пен жылан уына қарсы сарсу үнемі болады. 1 маусымнан бастап қазірге дейін жеті адам көмекке жүгінді. Оларды жылан, кене және шаяндар шағып, көмекке жүгінген. Шаққаннан кейін асқынулар тіркелген жоқ.
...