0 дауыс
1.6k көрілді
Вакцина егіліп жатыр тұмауға қарсы соның қандай зияны бар?

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Вакцинаның пайдасы

Тұмауға қарсы вакцина шын мәнінде жұмыс істейді, ол сізді эпидемия кезінде аурудан сақтап, тұмауға шалдыққан жағдайда, ауруды тез әрі жеңіл өткеруге көмектеседі. Бір вакцинаға кететін қаражат ертең ауырып қалған жағдайда дәрілерге кететін ақшадан әлдеқайда аз. Сонымен қатар сабағын және жұмысын қалдырғысы келмейтін жандарға алдын-ала вакцина жасаған дұрыс.

Кішкентай бүлдіршіндер үлкендерге қарағанда тұмауды қиын өткереді. Сол себепті балаларға да екпе жасатқан дұрыс. Вакцина балалар арасындағы аурудың асқынуын (өлімге дейін) 30%-ға төмендетеді. Жүкті әйелдер вакцинаны жүктіліктің 14-ші аптасынан кейін жасатқаны дұрыс.

Егер сіздің жұмысыңыз қоғамдық жерлерде болса, вакцинаны жасатып алған дұрыс. Балабақша балалары, мектеп оқушылары мен студенттер де екпеден өткені жөн.

Вакцинаны мына кісілерге салдыруға болмайды:

Жұмыртқа ақуызына аллергиясы бар;
Аурулары асқынып тұрған;
Температурасы көтеріліп тұрған;
Бұрын тұмауға қарсы вакцинаға жаман әсері болған адамдарға.

Әрине вакцинаның сізге қажеттілі жайлы шешімді тек өзіңіз қабылдай аласыз. Вакцина салдырамын деп шешкен жағдайда келесі деректерді білгеніңіз жөн:

Вакцина эпидемия басталғанға дейін салынады;
Вакцина салдырғанға дейін және салдырғаннан соң антигистаминді дәрі қабылдау керек (аллергия қоздырмау үшін);
Вакцинадан кейін адамның қызуы көтеріледі (вакцина ағзамен әсерге түскендігін білдіреді).

Дендеріңіз сау болсын!
0 дауыс
Зияны вакцинаға жоғары сезімталдық болғанда (яғни аллергия). Пайдасы тұмаудығ алдын алады. вакцинаны көбіне тұмаудың бір түріне ғана салады поликлиникаларда, ал негізі тұмаудың (ОРВИ) бірнеше түрі бар, вакцинаны жиі тұмауға қарсы егеді, ал ол вакцина тұмаудың басқа түрлеріне еш көмектеспейді. Сондықтан кейбіреулер "ой сол вакцина салдырсам да тұмау жұқтырып алдым, көмегі жоқ екен" деп жатады)) Егер аллергия болмаса, меніңше, салдырған дұрыс. Мен салдырамын.
Енді жаздым ғой түмаудың бірнеше түрі бар, сен барлық түріне де вакцина салдырмаған шығарсын) Сен вакцина салдырған түрімен ғана ауырмайсын, басқа тұмау түрлеріне әсері жоқ)
...