0 дауыс
357 көрілді
Әкімшілік полиция басқармасында әкімшілік айыппұл төлегені туралы түбіртектің түпнұсқасын талап етеді. Алайда Мемлекеттік қызмет туралы заңда мемлекеттік органдардың азаматтардан түбіртектердің, чектер мен басқа да төлем құжаттарының түпнұсқасын талап етуге құқығы жоқ деп жазылған. Олай болса, әкімшілік полиция түбіртектердің түпнұсқасын талап етуге құқылы ма?

1 жауап

0 дауыс

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 893-бабына сәйкес, жеке тұлға немесе заңды тұлға әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін салынған айыппұлды айыппұл салу туралы қаулыны шығарған, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама берген судьяны немесе органды жазбаша нысанда кейіннен хабардар ете отырып, белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджетке әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлға айыппұлды қаулы заңды күшіне енген күннен бастап отыз тәуліктен кешіктірмей енгізіп, аударады. Қолданыстағы заңнамалар бойынша, айыппұл салу туралы қаулы шығарған органға айыппұл төлегені туралы растайтын құжаттың – түбіртектің түпнұсқасын міндетті түрде ұсыну керек деген талап қарастырылмаған.

...