+1 дауыс
370 көрілді
Жоғалған адвокат лицензиясының түпнұсқасын қалай қалпына келтіруге болады?

1 жауап

0 дауыс

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V заңы 43-бабының 1-тармағына сәйкес лицензия бүлінген, жоғалған кезде лицензиаттың лицензияның телнұсқасын алуға құқығы бар. Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензияның телнұсқасын алу үшін төмендегі мынадай құжаттарды ұсыну қажет: 1. өтініш; 2. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін; 3. жекелеген қызмет түрімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың (тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда, нотариалды куәландырылған) көшірмесін, лицензиялық алымның сомасы 6 АЕК құрайды; 4. бүліну, жоғалу фактісін растайтын құжатты. Лицензия телнұсқасы лицензиатқа http://www.elicense.kz «Е-лицензиялау» интернет-портал арқылы электрондық түрде өтінішті берген күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде беріледі.

Ақпарат: http://www.adilet.gov.kz/kk/faq

...