Менің жай ғана пікірге толықсыз жаза салған пікірімді, бар ақыл-паарасатымның жеткен жерідеп түсінгенсіз-ау шамасы. Жарайды... Объективті көзқараспын қарап көрелік. Мен өз басым Құранды және Библияны бірнеше рет оқып шыққанмын. Сондай-ақ, Риядус-Салихин хадистер жинағын т.б өте көп діни (ислами) кітаптарды да оқып шықтым. Және Араб халифатының және Ислам дінінің тарихын бағанағы айтқан объективті көзбен оқып шықтым және біраз білетініме де шүбәм жоқ. Егер Халифаттың тарихын оқысаңыз екі түрлі тарауға тірелуге болады. Бірі, сонау Еуропа және түрік тарихшылары мен ғалымдары және БҰҰ тарихы бөліміне ұсынылған тарихқа, екіншісі АРАБ ЛИГАСЫ ЕЛДЕРІНІҢ екеуара жазған тарихына. Екеуі екі бөлек, мен бірінші Араб халифатының тарихын арабшадан орысша аударған кітаптардан оқығанмын...
Сонымен Ислам дінінің өркендеуі Батыс зерттеулерімен де, араб зерттеуімен де алып қарасақ, тікелей Араб халифатының құрылып, өркендеп, Таяу Шығыста белең алып, саяси аренаға шығуымен тікелей байланысты. Есіңізге сала кетейін, Халифат қаһарына мінбес бұрын қазіргі Мысыр, Алжир, Ливия, Тунис (Солтүстік Африка) секілді елдердің араб мәдениетіне қатысы мүлдем болмаған. Олар біздің заманымыздан бұрын финикилердің, капсилердің ығырында болып, артынша Көне Гректер мен Рим империясының ықпалында болды. Алайда бұлардың барлығы Ислам немесе Араб халифатының пайда болуына дейін болып қойған.
Сонымен тарихты доғарайын. Әйтпесе, бәрін әспеттеуге уақыт жетпес. Қызығына бір тоқталайық. Ислам пайда болғанда, Арабтар өз тарихын, сонау семиттерден бөлініп шыққанын да дінге жаңа кіріп, араб мәдениетімен танысқандарға басқаша жеткізіп отырған. Арабтар жаулап алған территориялардың қайсысында болмасын көне өркениеттің барлығы дерлік жойылып отырды. Ешқандай ғылыми прогресс болмағаны да көзге айқын. Егер со заманда гүлдеп тұрса, осы заманда олардың бір түйірі мен экономикасының жемісі қалатын да еді. Қазіргі Еуропа елдеріндей...
Сонымен, исламның ықпалы Таяу Шығыстан Солтүстік Африкаға, Орта Азия мен Шығыс Азияға кеңінен жайыла бастағанда, жаулап алған территорияларын сонау Гректердей немесе римдіктер секілді әскери ауқымымен сабасында қалдырмай, өздері шығарған Исламды насихаттай бастады. Неге? Өйткені Исламның жолына түсіп, тереңіне үңілген кез-келген халық арабтардан алысқа ұзамайтыны көзге анық көрінетін тұғын. Бұған кез-келген Құрандағы аяттар мен Найсабури, Майяниджи хадис іліміне арналған кітаптары дәлел.
Ғылымға келсек, ислам дінінің фундаментализмі саяси аренаға толық енбей тұрып, яғни, Дін саясиланбай тұрып Ислам мемлекеттерінде ғылым болды. Оны кез-келген американдық немесе Еуропалық, жапондық тарихшылардың өздері жоққа шығармайды. Алайда, қалай ислам толық саясиландырылды солай ғылым тамырымен жойылды деп айтуға толық негіз бар. Әйтпесе, Барлық Ислам мемлекеттері тапалып, таяқ жеп, жартысы французша, қалғаны ағылшынша үйреніп француздардың немесе британдықтардың қанатының астында жатпасы анық еді. Гүрілдеп тұрған ғылым болса, бұған жол берілмеген болар еді. Ал Ислам болса, өз тарихында барлық дінге жатшыларды Кәпірлер деп айыптап, қазір біз қазақ мындай болған, құдыретті болған деп айтатынымыздай, арабтардың құдыреттілігі соншалық, барлық Еурпалықтарға өркениет үйреткен еді деп жазады. Бір қызығы халифаттың өркендеп, Оңтүстік Еуропа жерлеріне дейін жетуі тікелей арабтардың еншісінде. Алайда қазақтар мен түркілердің (орта азиялық түркілердің) бұған еш қатысы жоқ.
Осы замандағы заманауи технологияның көбісі сонау Көне Грек "елдері" мен Рим империяларынан бастау алады. Үй салу, жол салу мен адам жүретін жолақтар, фонтандар, көпірлер, жол жүру ережелері халыққа арналған, тіпті, қазірге БАҚ (СМИ) құрылуы сонау Ежелгі римдіктерден бастау алады, адам құқығы да... Бір сөзбен айтқанда ғылымның жаппай дамуы тікелей Рим империясы мен Көне Гректерге тиесілі екенін есіңізге салайын. Бұның бәрі ислам түгілі, араб мемлекеттеріне дейін болып қойған дүние. Сондай-ақ, көп жазу, сызу ережелерінің бастау алуы Шығыс Азиялықтардың еншісіне жіберсек... Түсінген боларсыз. Демек арабтар Еуропа кіргенде, еуропалықтар адам жеп, тұрып шаптыра алмайтын халде болды дегені тек қана арабтардың ғылымы жоғары, еуропалықтардан биік қою үшін айтылған сөз екені айтпаса да түсінікті. Оның үстіне арабтар тек о бастан өркендеп тұрған қалалар мен елді-мекендерді күшпен басып алған. Әрине, онысында жартысын Дінге енгізіп, жартысын халифаттың тарихына жазып, мүлдем басқалай (өте жұмсақ) жеткізеді. Алайда саясаттың аты, қай жерде болмасын саясат. Араб халифаты ғаламда пайда болғанда, әлемде өркениетті Еуропа елдері Франколықтар, ағылшындардың дәуірі өркендеп тұрғанын қалай жасырайын. Тіпті, сол арабтар да Еуропаға басгөктеп кіргенде жеңілгендері сол франколықтардан емес пе?
Ал егер сіз Кезінде Египеттегі (Мысыр), Птолемей, Имхотем, Манефондарды мұсылман ғалымдары десеңіз толық қателесіз. Өйткені олар ешқандай араб та, мұсылман да болмаған. Бар мәдениетте қалыптасқан құдайларды, мұсылмандыққа діндегідей сығызатын болсаңыз, тағы қателесесіз. Өйткені, Исламның ұтып тұрған жері - басқа діндерден кейін пайда болғандығында ғана. Әйтпесе, ол да сол Грек дәуіріне дейін болған сенімшілікпен, Грек дәуіріндегі қаптаған құайшылықтың, Еуропадағы христианизмнің бір жалғысы ғана. Егер әрі қарай сөйлесем десеңіз ВКонтакте де сөйлессек болады. Бір сөзден, екіншісіне лезде секіріп отырдыңыз деп айыптамағын, қысқаша мағлұматы осы.