0 дауыс
3.1k көрілді
Франктер неліктен христиан дінін қабылдады?

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Франктердің пұтқа табынушылығы олардың Галлиядағы билігін нығайтуына көмектесе алмады. Ондай көмекпен халық арасындағы ықпалы мен беделі күшті христиан шіркеуі ғана қамтамасыз ете алатындығын франк басшылары түсінді. Сондықтан Хлодвиг 498 жылы өзінің жасақшыларымен бірге христиан дініне енді. Алғашында бұл дінді қабылдағысы келмеген франктер оған Хлодвигтенқорыққанынан кірді. Христиан діні франктер мен римдіктерді жақындастырып, бір халыққа айналдырды. Шіркеу басшылары жарлықтар шығаруға көмектесіп отырды. Хлодвигтің кеңесшілеріне айналып, оның беделін көтеріп, билігін нығайтты.

Хлодвиг оның қарымтасы ретінде шіркеудің байлығын қорғап, оған жер үлесі мен бағалы сыйлықтар беріп отырды. Әрбір елді мекенде шіркеулер ашылды. Дінбасылары халыққа құдай сөзін жеткізіп, оларды құдайға құлшылық етуге шақырды. Христиан дінінің арқасында франктер римдіктердің бай мәдениетін меңгерді.

Ұқсас сұрақтар

...