0 дауыс
3.3k көрілді
Реал Мадридте ойнайтын Криштиану Роналду Ислам дінін қабылдады ма?

10 жауап

0 дауыс
ия қабылдап, құран жаттап жатыр деген мәліметті естідім. және ракпен ауыратын балаларға жылына екі рет қан тапсырады екен.
0 дауыс
Иа қабылдады деп естiдiм
0 дауыс
http://www.alaman.kz/?p=48098
+1 дауыс
Криштиану Роналдудың есімі футбол тарихында мәңгі қалары анық. Ол өз дәуірінің керемет ойыншысы. Португалдық футболшыдай доппен өте жылдам жүгіре алатын адам бұл өмірде некен-cаяқ. Өздеріңіз білетіндей бір діннің адамы, күллі әлемге танылған соң тұлға, идол, жалпыхалықтық пірге айналуы мүмкін. Ал дәл сондай қасиеті, қабілеті бар адам өзге дінге өтсе онда сананы сілкіндіретіндей,өзінің бір ғана сол қадамымен миллиондардың өміріне әсер ете алатын жайы бар. Мысалы, Мұхамед ӘЛИ, Майк Тайсон секілді спортшылар ислам дініне өтіп, көпшіліктің назарын баурады. Әли менен Тайсон секілді қадамға енді жақын арада тағы бір жұлдыз қосылуы әбден ықтимал. Ол — Криштиану Роналду.Роналду жас кезінде, яғни футболды енді бастап келе жатқанында қызуқанды болды. «МЮ» сапына ауысысымен оның «симуляция» жасайтын қасиетіне көпшілік кері бағасын берді. Күйесін жақты. Еуроның финалында жылаған кезінде оны жалпы жұртшылық «жылауық» деп мазақтады. Осы оқиғаға байланысты тіптіанекдотташықты. Бірақ, уақыт өте келе Криштианудың алаңдағы өнері, оның арқасында соғылған голдардың маңызы арта түсті. Оны бұрын сыйламаған жанкүйерлер ойларынан қайта бастады. Осы күні күллі әлемдегі жанкүйерлердің ішінде Мессиді өте қатты жақсы көретіндер ғана Криштиануды мойындамайды. Әйтпесе жер жаһанға аты шыққан ойыншының даңқы асқақтап тұр. Енді оның Мессимен арасындағы бәсекелестікте Роналду үшін артықшылық пайда болмақ. Ол не артықшылық, не деген басымдылық? Криштиану исламға бет бұрмақ. Мысалы «МЮ» жанкүйерлерінің ширек пайызы мұсылмандар. Бұл дегеніміз жарты миллярд адам! Ал жер бетінде қаншама мұсылман-жанкүйер бар. Олардың ішінде яғни мұсылман-жанкүйерлердің ішінде Мессиді құрметтейтіндер бар. Олардың ендігі ойы өзгермек пе? Әрине, себебі футбол ұлтқа, дінге, ділге бөлінетінін әлдеқашан дәлелдеп қойған. Роналдудың мұсылман болып кетуіне зор ықпал жасап жүрген Месут Өзілді кейінгі жұрт қалай құрметтейді?! Оның да атағы күн санап шарықтап барады. Зинедин Зидан ол тумасынан мұсылман еді. Фрэнк Рибериде исламды қабылдады ғой, неге ол да әлемдік масштабтағы жұлдызға айналмады деп сұрарсыз. Тек өзге дінге өту жеткіліксіз. Өнеріңмен көпшіліктің жүрегін жаулау қажет. Футболшының түр-тұлғасының өзі, жүріс-тұрысы оның тегін адам еместігін дәлелдеп тұрады. Месут Өзіл Криштианның «фатиха» сүресін жаттап, әрі сол сүрені жақсы көретіндігін айтыпты. Демек, Роналдудың көкірегінде сәуле пайда болған, жүрегіне иман қона бастағаны. Араб компаниясының жарнамасына түскеннен соң оған, қымбат әшекей тастармен көмкерілген португал тіліне аударылған Құран сыйға тартылыпты. Ол бұл сыйдың ендігі қадірін біледі. «Бұл сыйды мен үйімдегі ең құрметті жерге қоямын», — депті Криштиан. Месси жыл сайын «Алтын бутсыны» иеленіп жүр, Криштиануда біреу-ақ бұл марапат. Оны да әртүрлі суретке келемеж қылып келтіріп жүр фанаттар. Сол 2011-жылы алған «Алтын бутсыны» Роналду аукционда сатып, түскен қаржыны түгел Палестинадағы балал арға аударған. Бұл әрине, әулиелік деп айта алмаймыз, дегенмен сол жолда жүрген адамның ісі екендігі хақ. Соңғы кезде «Реалдың», Криштианның ойынын көріп отырып ешқандай симуляция, ешқандай да бір төмен дәрежелі қылық көрсеткенін байқамадық. Ол шынымен де ендігі өзінің қандай адам екендігін танып келе жатқандай. Сабырға шақырып, өз-өзін күллі халық алдында таза ұстағанды жөн санайтындай. Түбі ол өзін исламға алып келетініне мен өз басым кәміл сенемін.
0 дауыс
Иә.Ол балаларға қан береді.Бірнеше рет мейірімді жан деген атақ алған.
0 дауыс
Иа сондай дерек бар.Қабылдайтын шығар
0 дауыс
Иа ниет білдіруде.Бірақ толық қабылдамаған
0 дауыс
Алмания құрамасының ойыншысы әрі Мадридтік «Реалдың» құрамында Испанияның чемпионы атанған Месит Өзел Индонезиядағы сайттардың біріне сұхбат берді. Онда командалық әріптесі Криштиану Роналдудың кейінгі кездері Құран оқуға көп көңіл бөліп жүргенін айтыпты. Бұны islammemo сайты хабарлап отыр. Сұхбат берушінің сөзіне қарағанда, Роналдудың исламды қабылдап, оның тура жолды табуына Өзелдің өзі себепші болған көрінеді. Әріптесінің аяқ алысын әңгімелеген Месит Өзел, Роналдудың қасиетті Құранды үлкен ықыласпен тыңдайтынын баяндапты. «Роналду менен үнемі Құран оқуды үйретуді өтінеді. Қазір ол араб әліпбиін едәуір жатқа біліп қалды. португалдықтың ең сүйікті сүресі «Фатиха».  Ол оны бар ынтасымен тыңдайды»-депті Месит Өзел.

Әңгіме арасында айта кетейік, Критиану Роналду футболдың бүкіл тарихындағы ең үздік ойыншылардың бірі болып табылады. Ағылшынның «Манчестер Юнайтед» командасында ойнап жүріп, ол бірнеше мәрте Англия премьер-лигасының чемпионы атанды, кейін келісімшартпен «Реал Мадридтың» алаңында өнер көрсетті. Сонымен бірге Криштиану Роналду 2008 жылдың ең үздік ойыншысы атанды. 2009 жылы  ол «Реал Мадридқа» ауысып келді.  Екіжақты мәміле кезінде қос тарап  оны 93,4 миллион еуроға (80 млн фунт.стерл.) бағалаған болатын. Осылайша португалиялық жартылай қорғаушы әлемдік футбол тарихындағы ең қымбат ойыншы атанып, 2001 жылы 76 миллион еуроға «Ювентустан» «Реалға» ауысып келген Зиданның рекордын басып озды.
0 дауыс
Ия Криштиано ранлдо ол мусылман ол каиырлык корына Жане балалар уине каржылаи комектесып Турган тагы быр себебы онын денесынде татирофка  жок албаска футболшылардын кобысынде татирофка бар
0 дауыс
Раналдуиол мулылман ба блмим ол бырак мусылман дынын колдайды
...