0 дауыс
3.9k көрілді
Атеизм жайлы толық мағлұмат бере аласыздарма?.Рефератқа керек еді!

2 жауап

+2 дауыс
Атеизм - [а - теріске шығарушы бөлшек, theos - құдай] - жаратылыстан тыс күштерге (құдайға, аруаққа, рухқа, о дүниеге және т.б.) сенуді жоққа шығаратын көзқарастар жүйесі, бүкіл дін атаулыны жоққа шығару. КСРО дәуірінде Атеистік насихат күшейді. Ұжымдастыру, тәркілеу және т.б. саяси науқандарда дін иелері жаппай қудаланды, қара халық құранды тығып оқып, "біссімілләні" күбірлеп айтатын халге жетті. "Дін - апиын!" деген сияқты жалаң ұрандар қаптады. Атеистік насихатты қарқынды жүргізу туралы арнайы қаулылар қабылданып, жоғары оқу орындарында "Ғылыми атеизм негіздері" курстары оқытылды.
+1 дауыс
Атеиз - дінсіздік деген мағына білдіреді. Яғни, ешқандай дінді мойындамай, жаратылыстың барлық құбылыстарын тек ғылыми дәлелдермен түсіндіру. Расында, құдай христиандар айтып жүргендей адам сияқты денесі бар тіршілік иесі емес ( люди созданы по образу и подобию Бога - дейді олар). Бірақ бүкіл әлемді реттестіріп тұратын бір күш бары рас. Оны ғалымдар биокосмостық энергия дейді, мұсылмандар Аллах дейді.
Қандай тамаша жауаптар,жарайсыңдар! Сұрақ қоюшыны білмеймін, өзім риза болып отырмын...
Бүкіл әлемді реттестіріп тұратын БІР күш жоқ.

"Биокосмостық энергия" деген ғылыми термин емес, оккультық ілімдер термині.
Ғылымда энергияның ондай түрі жоқ. Есесіне осы уақытқа дейін ғылымға белгілі энергиялардың түрі мыналар:
Механикалы
Электр
Химиялық
Жылу
Жарық
Ядролық (Атом)
Термоядролық (Термоядеролық синтез)

Бұл энергиялар бірлікте емес. Кейде қарама қарсы әрекеттеседі.
Ғылыми зерттеулердің соңғысына сәйкес, бүкіл космоста 4 ең негізгі күш бар. Және олар да үнемі бірлікте болып, сіз айтқандай космосты "реттемейді". "Реттеу" сөзінің өзі, реттемес бұрын, реттеушінің ойында қандай да бір жоспар болуына, және космостағы хаосты соған сәйкес етіп ұйымдастыруына меңзейді.
Ал бұл діни догматизмге апаратын пайым. Ешқандай да жоспар болуы мүмкін емес космоста, осы уақытқа дейін әрекет етпес бұрын жоспарлау тек адамдардың және жоғары саналы хайуандардың санасына ғана тән болған. Сондай-ақ, кейбір компьютерлер мен роботтар да әлденені алдын ала орнатылған жоспарға сәйкес реттей алады.
Сонымен ғаламға әсер етуші және жалпы ғаламды құрушы ғылымға әзірге белгілі 4 негізгі күш бар.
Ондағы ең зерттелгені және әлсізі - Гравитация.
Одан әлдеқайда күштісі  - ЭЛЕКТРОМАГНИТТІК КҮШ деп аталады, ол зарядталған бөлшектерді бір бірімен байланыстырып тұрады.

Қалған екеуі субатомдық деңгейде әсер етеді.  Әлсіз ядролық әрекеттесу - электромагнит пен гравитация күштерінің арасында орташа қарқынды күш; Қарқынды ядролық әрекеттесу - ядроларды бірге ұстап тұратын "желім" іспеттес. Бұл табиғатта кездесетін ең алапат күш.
...