0 дауыс
1.2k көрілді
Қалалық соттағы Судьяға қарсы шағымды қайда жазуға болады?

1 жауап

0 дауыс

Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасына сәйкес судьяға қарсылық білдіру келесі негіздерде жүзеге асуы мүмкін:

Егер судья: 

1) осы істі мұның алдындағы қарау кезінде куә, сарапшы, маман, аудармашы, өкіл, сот отырысының хатшысы, сот орындаушысы, сот приставы ретінде қатысса; 
2) іске қатысушы адамдардың немесе олардың өкілдерінің біреуінің туысы болса; 
3) істің нәтижесіне жеке, тікелей немесе жанама түрде мүдделі не оның әділдігіне негізді күмән туғызатын өзге де мән-жайлар болса, ол істі қарауға қатыса алмайды және оған қарсылық білдірілуге тиіс. 

2. Істі қарайтын соттың құрамына өзара туыс адамдар кіре алмайды. (ҚР АІЖК-нің 40-бабы)

Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес судьяға қарсылық білдіру келесі негіздерде жүзеге асуы мүмкін:

Егер ол:

1) осы Кодекске сәйкес қылмыстық iстi соттай алуға жатқызылған судья болып табылмаса; 
2) прокурордың, тергеу және анықтау органдарының шешімдеріне және іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жасалған шағымды қараған не осы қылмыстық іс бойынша іс жүргізу шешіміне санкция беруге қатысқан болса;
3) аталған iс бойынша жәбiрленушi, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер болып табылса, куә ретiнде шақырылса не шақырылуы мүмкiн болса; 
4) осы қылмыстық iс бойынша сарапшы, маман, аудармашы, куәгер, сот отырысының хатшысы, анықтаушы, тергеушi, прокурор, қорғаушы, айыпталушының заңды өкiлi, жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң немесе азаматтық жауапкердiң өкiлi ретiнде iс жүргiзуге қатысса; 
5) жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң, азаматтық жауапкердiң немесе олардың өкiлдерiнiң туысы, айыпталушының немесе оның заңды өкiлiнiң туысы, прокурордың, қорғаушының, тергеушiнiң немесе анықтаушының туысы болса; 
6) егер судья жеке, тiкелей немесе жанама осы iске мүдделi деп санауға негiз беретiн өзге де мән-жайлар болса, ол iстi қарауға қатыса алмайды. 

...