0 дауыс
781 көрілді
Судьяға қарсылық білдіруге бола ма?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Судьяға қарсылық білдіру үшін негіздер
Егер судья:
• осы істі мұның алдындағы қарау кезінде куә, сарапшы, маман, аудармашы, өкіл, сот отырысының хатшысы, соторындаушысы, сот приставы ретінде қатысса;
• іске қатысушы адамдардың немесе олардың өкілдерінің біреуінін туысы болса;
• істін нәтижесіне жеке, тікелей немесе жанама түрде мүдделі не онын әділдігіне негізді құмән туғызатын өзге де мәнжайлар болса, ол істі қарауға қатыса алмайды және оған қарсылық білдірілуге тиіс. • Істі қарайтын соттын құрамына өзара туыс адамдар кіре алмайды.
Прокурорға, сарапшыға, маманға. аудармашыға, сот отырысынын хатшысына, сот приставына да қарсылық білдірілуі мүмкін.
0 дауыс

Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасына сәйкес, судьяға келесі негіздер бойынша қарсылық білдіруге болады:

1. Егер судья:

1) осы істі мұның алдындағы қарау кезінде куә, сарапшы, маман, аудармашы, өкіл, сот отырысының хатшысы, сот орындаушысы, сот приставы ретінде қатысса;

2) іске қатысушы адамдардың немесе олардың өкілдерінің біреуінің туысы болса;

3) істің нәтижесіне жеке, тікелей немесе жанама түрде мүдделі не оның әділдігіне негізді күмән туғызатын өзге де мән-жайлар болса, ол істі қарауға қатыса алмайды және оған қарсылық білдірілуге тиіс.

2. Істі қарайтын соттың құрамына өзара туыс адамдар кіре алмайды (ҚР АІЖК-нің 40-бабы)

Қазақстан Республикасының қылмыстықіс жүргізу заңнамасында судьяға қарсылық төмендегі негіздер бойынша берілуі мүмкін.

1. Егер судья:

1) Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес қылмыстық істі соттай алуға жатқызылған судья болып табылмаса;

2) прокурордың шешіміне шағымды қарауға қатысқан болса;

3) аталған iс бойынша жәбiрленушi, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер болып табылса, куә ретiнде шақырылса не шақырылуы мүмкiн болса;

4) осы қылмыстық iс бойынша сарапшы, маман, аудармашы, куәгер, сот отырысының хатшысы, анықтаушы, тергеушi, прокурор, қорғаушы, айыпталушының заңды өкiлi, жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң немесе азаматтық жауапкердiң өкiлi ретiнде iс жүргiзуге қатысса;

5) жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң, азаматтық жауапкердiң немесе олардың өкiлдерiнiң туысы, айыпталушының немесе оның заңды өкiлiнiң туысы, прокурордың, қорғаушының, тергеушiнiң немесе анықтаушының туысы болса;

6) егер судья жеке, тiкелей немесе жанама осы iске мүдделi деп санауға негiз беретiн өзге де мән-жайлар болса, ол iстi қарауға қатыса алмайды (ҚР ҚІЖК-нің 90-бабы).

...