0 дауыс
37.9k көрілді
Оксидтер туралы реферат керек болып тұр.

4 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Күрделі қосылыстардың үлкен бір тобы (класы) - оксидтер. Оксидтер үшке бөлінеді: қышқылдық, негіздік, екідайлы (амфотерлі).

Қышқылдық оксидтерге - қышқылдар, негіздік оксидтерге - негіздер сәйкес келеді. Р2О5→Н3РО4; SО3→H2SО4; Na2О→NaОH; СаО→Са(ОН)2. Ал екідайлы оксидтерге кышқылдар да, негіздер де сәйкес келеді, мысалы, H2ZnО2← ZnO→Zn(OH)2

Оксидтердің жіктелуі. Бейметалдардың оксидтері - қышқылдық оксидтер, ал белсенді металдардың оксидтері - негіздік болып келеді.
Егер металл айнымалы валенттілік көрсетсе, оның төменгі валенттілігіне сәйкес оксиді - негіздік, аралық валенттілігіне сәйкесі - екідайлы, ал жоғары валенттілігіне сәйкесі қышқылдық оксид болады.
Мазмұны
1 Оксидтердің аталуы
2 Оксидтердің алынуы
2.1 Жай және күрделі заттарды жағу аркылы:
2.2 Ерімейтін негіздер, тұздар, қышқылдарды айыру аркылы:
2.3 Оксидтерді әрі карай тотыктыру аркылы:
3 Оксидтердің физикалық қасиеттері
4 Оксидтердің химиялық қасиеттері
4.1 Қышқылдық оксидтердің қасиеттері
4.1.1 Кейбір қышқылдық оксидтер сумен әрекеттесіп қышқылдар түзеді:
4.1.2 Қышкылдық оксидтер негіздік оксидтермен әрекеттесіп тұз түзеді
4.1.3 Қышқылдық оксидтер сілтілермен әрекеттесіп тұз және су береді
4.2 Негіздік оксидтердің қасиеттері
4.2.1 Белсенді металдардың оксидтері сумен әрекеттесіп сілті түзеді
4.2.2 Негіздік оксидтер қышқылдармен әрекеттесіп тұз және су түзеді
4.3 Екідайлы оксидтердің қасиеттері
5 Оксидтердің қолдануы
6 Дереккөздер
Оксидтердің аталуы
Кейбір оксидтер үшін қарапайым (үйреншікті) атаулары бар, олар ертеден қолданылып келеді. АІ2О3 - глинозем, SiО2 - кремнезем.

Оксидтердің алынуы
Оксидтердің алынуының екі үлкен тәсілі бар.

Жай және күрделі заттарды жағу аркылы:
бейметалдарды:

C+O2=CO2
S+O2=SO2
металдарды:

2Cu+O2=CuO
2Mg+O2=MgO
күрделі заттарды:

CH4+2O2=CO2+2H2O
2H2S+3O2=2H2O+2SO2
Ерімейтін негіздер, тұздар, қышқылдарды айыру аркылы:
2Fe(OH)3→Fe2O3+3H2O
CaCO3→CaO+CO2
H2SiO3→H2O+SiO2
Оксидтерді әрі карай тотыктыру аркылы:
2SO2+O2=2SO3
4FeO+O2=2Fe2O3
Оксидтердің физикалық қасиеттері
Оксидтер үш агрегаттық күйде болады: мысалы,

CuO, CaO, Fe2O3, P2O5 - қатты заттар;
CO2, SO2, NO2 - газдар;
H2O, N2O3(t<0) - сұйық.
Оксидтердің түстері де әр түрлі: Ғе2О3 - қызыл-қоңыр, CuO - кара, Сr2O3 - жасыл, ZnO, MgO - ақ, МnO2 - кою қоңыр, SnO - кою көк түсті, т.б.

Иістері де әр алуан түрлі болып келеді. SО2, SО3, NО2, Р2О5 - тұншықтырғыш иісті. CO, NO, СО2 - иіссіз.

Оксидтердің химиялық қасиеттері
Оксидтердің касиеттері олардың, қандай элементтердің оксидтері екендігімен анықталады.

Қышқылдық оксидтердің қасиеттері
Кейбір қышқылдық оксидтер сумен әрекеттесіп қышқылдар түзеді:
Р2O5+ЗН2O=2Н3РO4;
SO2+H2O=H2SO3;
СO2+Н2O=Н2СO3
Мысалы, күлгін лакмус ерітіндісі тамызылған суға көмірқышқыл газын жіберсек, оның түсі күлгіннен біртіндеп қызыл түске өзгереді. Нәтижесінде әлсіз, тұрақсыз көмір қышқылы түзіледі.

қышқылдық оксид + су = қышқыл
Қышкылдық оксидтер негіздік оксидтермен әрекеттесіп тұз түзеді
CO2+CaO=CaCO3
P2O5=2Na3PO4
қышқылдық оксид + негіздік оксид = тұз
Қышқылдық оксидтер сілтілермен әрекеттесіп тұз және су береді
SO3+2NaOH=Na2+H2O
Cr3+Ca(OH)2=CaCrO4+H2O
қышқылдық оксид + сілті = тұз + су
Негіздік оксидтердің қасиеттері
Белсенді металдардың оксидтері сумен әрекеттесіп сілті түзеді
Na2O+H2O=2NaOH
CaO+H2O=Ca(OH)2
Осы реакциялардың ішінен екіншісін тәжірибе жасап көрсек, яғни сөндірілмеген әкке су құйып, үстіне бір тамшы фенолфталеин тамызсақ, оның түсі таңкурай түске өзгереді, ол әрине сілтінің ерітіндісі түзілгендігіне дәлел болады.

белсенді металл оксиді + су = сілті
Негіздік оксидтер қышқылдармен әрекеттесіп тұз және су түзеді
CaO+2HCl=CaCl2+H2O
CuO+H2SO4+H2O
негіздік оксид + қышқыл = тұз + су
Екідайлы оксидтердің қасиеттері
Олар негізінен қатты күйде кездеседі.

1) Қышқылдармен әрекеттескенде негіздік оксидтің қасиетін көрсетеді:

ZnO+2HCl=ZnCl2+Н2O
2) Сілтілермен әрекеттескенде қышқылдық оксидтің қасиетін көрсетеді. Түзілген тұздың формуласын жазу үшін оксид формуласына ойша бір молекула су қосып, сәйкес қышқылдың формуласын шығарып аламыз. (ZnО+H2О=H2ZnО) әрі қарай қышқыл мен негіз әрекеттескен сияқты болады. Олардың қолданылу аясы өте кең:

ZnО+2NaОH=Na2ZnО2+H2О
cy + тұз = сілті + екідайлы оксид
Оксидтердің қолдануы
CO2 - тамақ өнеркәсібінде (копсытқыш ретінде); өрт сөндіруде; газдалған сусындар өндірісінде

CaO - сөндірілмеген әк, құрылыста

ZnO - мырыш бояуларын алуда

Н2О - негізгі әмбебап еріткіш

Сr2O3 - жасыл бояу алуда

SiO2 - шыны өндірісінде

Дереккөздер
 Химия: Жалпы білім беретін мектептің сыныбына арналған оқулық. Усманова М.Б., Сақариянова Қ.Н. –Алматы: Атамұра, 2009. - 216 бет. ISBN9965-34-887
0 дауыс
Ашык Сабақтың тақырыбы: «Тотығу. Оксидтер. Олардың аталулары» Сабақтың мақсаты: білімділік: тотығу, оксидтер, олардың аталулары туралы түсіндіріу; тотығу реакциясының мағынасы мен мәні жайлы оқушыларға терең білім беру; дамытушылық: оқушылардың өзіндік ізденуін ұйымдастыру және танымдық іс-әрекеттерін жетілдіріп, білімдерін тиянақтап, дамыту; тәрбиелік: оқушылардың ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу; пәнге деген қызығушылықтарын арттыру; Сабақтың типі: Аралас Сабақтың түрі: Ізденіс Сабақтың әдісі: тест тапсырмасы, деңгейлік тапсырмалар, тірек-сызба, сұрақ-жауап; Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, бор, оқулық, тест тапсырмалары, тірек сызбалар; Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру: - оқушылармен амандасу, - оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын тексеру; - психологиялық дайындық; Көзді жұмып жақсы нәрсе туралы ойлаңдар. Барлықтарыңа және өздеріңе сәттілік, жақсы көңіл күй тілеңдер. Көздеріңді ашып, бір-біріңе күле қараңдар. ІІ.Үй тапсырмасын сұрау; «Оттек, оның алынуы және қасиеті» тақырыбына арналған графикалық тест. «Иә», «жоқ» деген жауаппен белгілеп отырады. (иә, - жоқ). 1. Оттек иіссіз, дәмсіз, түссіз газ. 2.Оттекті тек XVIII ғасырда Пристли ашты. 3. Оттек ауада 21 % кездеседі. 4. Оттекті зертханада алыну теңдеуі мынадай: 5. Өнеркәсіпте оттегін судан алады 6. Бертолле тұзынан оттегін лабороторияда мына теңдеу арқылы алады: 7. Химиялық реакция жылдамдығын тездететін, бірақ өзі реакцияға қатыспайтын зат катализатор деп аталады. 8. Оттегін 2 әдіспен ауаны, суды ығыстыру арқылы алады 9. Ауаның массасы – 27 ге тең 10. Оттек суда нашар ериді 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Логикалық кесте. көміртегі күкірт фосфор темір ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру; М: 1. Зат дегеніміз не? Неше түрі бар? 2. Жай зат дегеніміз не? Нешеге бөлінеді? 3. Күрделі зат дегеніміз не? Нешеге бөлінеді? Немесе мына сызбанұсқадан көре аламыз. «Сиқырлы гүл» ойыны. Гүл жапырақтарында әртүрлі химиялық формулалар жазылған. Формулалар жазылған жапырақтарды тиісті кестенің ұяшықтарына қоямыз. Металдар Бейметалдар Күрделі заттар Заттың оттекпен әрекеттесу тотығу деп аталады. ЭО – оксидтердің жалпы формуласы. Мысалы: Оксидтерді халықаралық жүйемен атайды. 1-тәсілі: - алюминий (ІІІ) оксиді. 2-тәсілі: - дюралмюминий триоксиді «моно»-1, «ди» - 2, «три» - 3, «тетра» - 4, «пента» - 5 т.б IV. Бекіту. М: Сонымен, балалар оксид дегеніміз не? Қорытынды ереже шығармас бұрын Мына сызбаға көңіл бөлейік. Сапалық құрамы Оксидтер. Сандық құрамы Түзілуі М: Сонымен, оксид деп нені айтады? О: Оксид дегеніміз – екі элементтен тұратын оның біреуі міндетті түрде оттегі болатын күрделі заттарды айтамыз. М: Оксид деген – бинарлы Екі элементтен тұрады. Бірі оның оттегі Болу керек міндетті Екеуі бірге қосылса, Тотығу реакциясы болады. Нәтижесінде осының Күрделі зат туады. Ойын: «Алтын кілт» «Оксид» деген сейфтің шифрін табу. Мына берілген қосылыстардың ішінен оксидтердің формуласын тауып, сейфтің шифрін табамыз 1.CO2 2. NaOH 3. НNO3 4. CaO 5. SO2 6. MgO 7. H3RO4 8. Ca (OH) 9. N2O5 10. PH3 1. P2O5 12. ZnSO4 Сейфтің шифрі: 1,4,5,6,9,11 Ойын: «Аукцион» Оксидтердің формуласы беріледі. Сол оксидтің атын атайды. Элементтің валенттілігін, түзілу реакциясын құрып, реакция типін анықтау. Қай оқушы толық жауап берсе, сол оқушыға «оксид» картинасы беріледі. “Кедергілермен көтерілу”. “Химиялық сатымен” көтеріле отырып, оксидтер формуласын құрып жаз. Оларды ата. V. Дидактикалық тапсырмалар. «Айқыштар мен нөлдер» Мына төменде берілген кестеден тек оксидтерді тауып, алыну реакциясын жазыңыз және атаңыз. натрий (І) оксиді фосфор (V) темір (ІІ) оксиді «Кім жылдам?» Төмендегі өзгерістерді орындаңыз, түзілген оксидтерді атаңыз. «Кім математик?» №1. 16 г күкіртті жаққанда түзілген күкірт (IV) оксидінің массасын табыңыз. Берілгені: Шешуі: m(S)= 16 г 16 г S - х г табу керек 32 г – 64 г m( )=? Ar(S)=32u Mr( )= 32+16*2=64 Жауабы: m( )=32 г
0 дауыс
1.Оксидтер дегеніміз не және олар қалай жіктеледі?

2.Тұз түзетін және тұз түзбейтін оксидтер деген не?
3. Оксидтердің аталуының қандай түрлері бар және олардың
әрқасысына мысалдар келтіріп ажыратыңыз
4.Негіздік оксидтер деген не? Жалпы теңдеулерінің схемасын
құрастырыңыз
5.Қышқылдық оксидтер деген не? Жалпы теңдеулерінің
схемасын құрастырыңыз
6. Екідайлы (амфотерлі) деген не? Жалпы теңдеулерінің
схемасын құрастырыңыз
7/Көрген видео бойынша оксидтердің түрлерін және олардың
химиялық қасиеттерін сипаттайтын қорытындылаушы
реакция теңдеулерін жазыңыздар.
0 дауыс
Оксидтер дегенімз не
...