+1 дауыс
6.3k көрілді
Қандай құжат керек жеке кәсіпкерлер.

3 жауап

+3 дауыс
Салық инспекциясына барасыз,сонда толтыруға қағаздар береді.Ал өзіңізден  куәлік,РНН,мекен жайыңыз тіркелген кітапша. Болды.
+1 дауыс

Сіздің жеке кәсіпкерлікпен айналысқыңыз келді, бірақ неден бастауды білмейсіз бе? Кәсіпкерлік қызметті тіркеуден бастау керек. Заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаныңыз үшін сізге әкімшілік айыппұл салынады.

Міндетті мемлекеттік тіркелуге жататын жеке кәсіпкерлер:

1) тұрақты негізде жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланатын;

2) жеке кәсіпкерліктен түсетін жылдық жиынтық кірістен Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңдарымен жеке тұлғалар үшін белгіленген жылдық кіріс жиынтығы көлемінен жоғары салық төлемейтін кәсіпкерлер жатады.

Жеке немесе бірлескен кәсіпкерлік объектісі ретінде тіркелуге болады.

Жеке кәсіпкерлікпен сіз өз меншігіңіздегі мүлік және заңды негізде басқа құқықтар негізінде пайдаланып, немесе иелік ете алатын мүлік арқылы айналыса аласыз.

Бірлескен кәсіпкерлікті сіз оларға жалпы меншік құқығындағы мүлік, сондай-ақ басқа құқықтар негізінде заңды негізде пайдаланып, иелік ете алатын мүлік базасында жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлер) тобымен бірге жүзеге асыра аласыз.

ЖК тіркеу үшін жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын орын бойынша салық басқармасына барып, мынадай құжаттарды бересіз:

1) белгіленген үлгідегі өтініш;

2) жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу үшін алым төлегендігі туралы түбіртек (2 АЕК).

Бұл маңызды! Егер Сіз шаруа және фермерлік қожалық болсаңыз; І, ІІ және ІІІ топ мүгедегі болсаңыз; Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін заңды тұлға құрмай, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын оралман болсаңыз, ЖК мемлекеттік тіркеу кезінде салық төлеуден босатыласыз.

жеке куәлік көшірмесі, түпнұсқасы көрсетіледі;

3,5 х 4,5 см көлеміндегі фотосурет;

жеке кәсіпкердің орналасқан жерін растайтын құжат (азаматтарды тіркеу кітабы немесе жылжымайтын мүлікке меншік құқығын немесе оны пайдалану құқығын растайтын құжат);

өтініш иесі кәмелеттік жасқа толмаған болса, жоғарыда аталған құжаттарға ата-анасының, асырап алушылардың немесе қамқоршыларының келісімі, ал ондай келісім болмаған жағдайда, кәмелетке толмаған тұлғаның әрекетке қабілеттілігі туралы сот шешімі қоса беріледі.

Есте сақтаңыз! Тіркеу кезінде сонымен қатар, жеке кәсіпкердің фирмалық атауын көрсетуге болады.

Салық басқармасы барлық құжаттарды тапсырған соң, 3 жұмыс күнінің ішінде жеке кәсіпкер куәлігін береді.

Осыдан кейін қажеттілік бойынша сіз мыналарды жасай аласыз:

мөр дайындау,

банктен шот ашу,

кассалық аппаратты тіркеу

Маңызды! Жеке кәсіпкер ретінде тіркелгеннен кейін қызметіңіз басталғанға дейін салық органына бақылау кассалық машинаны (БКМ) тіркеу есебіне қоюға міндеттісіз. БКМ қолданудан мына жеке кәсіпкерлер босатылады (акцизді тауарлар сататындардан басқа):

қызметін бір жолғы талон немесе шағын кәсіпкерлік субъектілеріне арналған арнайы салық режимі шеңберіндегі патент негізінде жүзеге асыратын;

қызметін шаруа немесе фермерлік қожалық үшін арнайы салық режимі шегінде жүзеге асыратын;

халыққа уәкілетті органның келісімен көлік саласында уәкілетті мемлекеттік органдармен бекітілген нысанда билеттер беріп, қоғамдық қалалық көлікте тасымалдау бойынша қызмет көрсететін.

Есте сақтаңыз! ЖК тіркеген күннен бастап, 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей жұмыс істегіңіз келген салық режимін анықтап алыңыз.

Сіз аударымдардың және салық төлеудің, сондай-ақ олар бойынша салық есебін берудің бірін таңдай аласыз:

жалпы белгіленген тәртіп (Сіз ЖК ретінде салықты және бюджетке төленетін басқа да төлемдері төлейтін боласыз, олар бойынша жалпы белгіленген тәртіпте салық есептілігін жалдамалы жұмысшылардың санына және салық кірісіне қарамастан бере аласыз);

бір жолғы талон негізінде арнайы салық режимі (Егер сіз ЖК ретінде тауарлар сату, жұмыстарды орындау, нарықтарда (базар аумағындағы дүңгіршектер мен стационарлық орын-жайларда (оқшауланған блоктарда) қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын болсаңыз).

Бір жолғы талон алу үшін сіз бір жолғы талон беру жөніндегі басқармаға тіркеу нөмірін алғандығыңызды растайтын (СТН) құжатты беруіңіз қажет.

Бір жолғы талон бір күнге және одан ұзақ уақытқа беріледі.

Патент негізінде арнайы салық режимі (егер Сіз ЖК ретінде жұмысшылардың еңбегін пайдаланатын болсаңыз; жеке кәсіпкерлік нысанында қызметті жүзеге асыратын болсаңыз; Сіздің кірісіңіз күнтізбелік жылда ҚР тиісті қаржылық жылда белгіленген ең төменгі еңбекақы көлемінің 200 еселік төлемінен асатын болса).

Патент алу үшін оны қолданғанға дейін салық органына Салық өтінішін, Патент алу үшін есеп, сондай-ақ бюджетке патент құнын төлегендігін, әлеуметтік аударымдар, міндетті зейнеткерлік салымдар аударғандығын растайтын құжат керек.

Патент кемінде бір айға және 12 айдан аспайтын мерзімге беріледі. Патент ЖК-ны мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті көрсетпеген жағдайда жарамсыз болып танылады!

Жеңілдетілеген декларация негізінде арнайы салық режимі (Егер Сіз ЖК ретінде салық төлеу кезеңінде өзіңізді қосқанда кемінде 25 қызметкерді пайдаланатын болсаңыз және Сіздің бір тоқсандағы шекті кірісіңіз 10 000 000 теңгеден аспайтын болса).

Арнайы салық режимдері патенттің және қысқартылған декларацияның негізінде мынадай қызмет түрлеріне қолданылмайды::

акцизді өнімді өндіру;

акцизді өнімді сақтау және көтерме сатып алу;

мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін – бензин, дизель отыны және мазут сату;

лотереялар (мемлекеттіктен (ұлттықтан) басқа) ұйымдастыру және өткізу;

жер қойнауын пайдалану;

шыны ыдыстарды жинау және қабылдау;

түсті және қара металдардың сынығы мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату

кеңес беру қызметтері;

бухгалтерлік есеп немесе аудит саласындағы қызмет;

қаржылық, сақтандыру және сақтандыру брокерінің және сақтандыру агентінің делдалдық қызметі.

Аталған режимдерді салық төлеушілер әртүрлі елді-мекендердегі басқа да оқшауланған құрылымдық бөлімшелер және (немесе) салық төлеу объектілеріне қолдана алмайды. Бұл норманың мүлікті жалға беру қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге қатысы жоқ.

Назар аударыңыз! Жеке кәсіпкерлер өз міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, өтелмейтін мүліктен басқа барлық мүлікке жауапкершілік алады.

0 дауыс

Жеке Кәсіпкердің тіркелу тәртібі

Кәсіпкерліпен айналыспастан бұрын тұрғылықты мекен-жай немесе қызмет іске асырылатын жер бойынша Салық комитетінде жеке кәсіпкер ретінде тіркелу қажет.

Ол үшін келесі құжаттарды жинақтап және оларды тұрғылықты мекен-жай бойынша Салық комитетіне тапсыру қажет:

1.Жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу туралы Куәлігін алуға өтініш (өтініш үлгісін Атырау. қ-ң Салық басқармасынан аласыз );

2.Салық комитетіне тіркелу үшін 2013ж 2 айлық есептік көрсеткіш 2*1 731= 3 462 тенгені құрайтын соммада мемлекеттік баж түбіртегі (ауыл шаруашылығы мен 1,2 және 3 топтағы мүгедектер, оралмандардан басқа);   

3.Тіркелген жердің адрес үтелінен анықтама, немесе үй кітабының көшірмесі;

4.Жеке куәлік көшірмесі;

5.ӘЖК көшірмесі;

6.3*4 формасындағы екі фото сурет

7.Тезтікпе (скоросшиватель).

Егер, өтініш беруші кәмелетке толмаған жағдайда жоғарыда аталған құжаттарға заңды тұлғалардың келісімі қосылады, ондай келісім болмаған жағдайда – кәмелетке толмағанның толықтай әрекет етуге қабілеттілігі жариялануы туралы сот шешімі.

Жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне отырғызу мерзімі – басқа құжаттар пакетімен бірге салықтық өтініш алынған күннен бастап 3 жұмыс кұні ішінде.

*сонымен қатар, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген кезде, салық салу режимін («Салық режимдері» бөлімін қараңыз) таңдау қажет.

Нормативтік құқықтық актілер:

1.Қазақстан Республикасының Заңы «Жеке кәсіпкерлік туралы»

2.Қазақстан Республикасының Кодексі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»
(Салық кодексі)

3.Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

...