0 дауыс

Қазақ, жақсылық, халық, көңіл, дала сөздерінен мәтін құрап беріңіздерші?

30.09.2015 1.0k қаралым

1 жауап

0 дауыс
Мейірімді халық

Қазақ халқының жаны жақсылыққа құмар . Олардың көңілдері Сарыарқаның даласындай кең байтақ, пейілдері кәусәрдай мөлдір. Байырғы заманнан  қазақ жері, қаншама босқындарға, өзге ұлттарға пана болған. Қазақ ешкімді бөліп жармай, жатсынбай бауырына басқан. Көңілдерінің кеңдігінен ешкімнен қол ұшын аямай, көмек  қолын созған. Өзіндегі  барымен, нәрімен бөліскен. Бір түйір қара нанын, қара суын ешбір жаннан аямаған, қолы ашық халық. Қазақ- қазақ болғалы өзінің аса қонақжайлығымен ерекшелінеді. Кішігірім қуаныш не болмаса ұлаң-асыр той болмасын, олар даладай дастархан жайып, ел-жұртқа ауыз тидірген.
30.09.2015

Ұқсас сұрақтар

127,956Сұрақ
322,866Жауап
153,167Пікір
72,970Қолданушы