+3 дауыс
1.1k көрілді

Сіз ең соңғы рет қашан, қандай жақсылық жасадыңыз?!

баскаларды  озин сиякты кудайдан безген дегин келип отырма

3 жауап

+3 дауыс
Негiзi жақсылықты мынша рет жасадым, немесе мына кезде жасадым деп қарастыруға болмайды. Шын ниетпен жасалған жақсылық сауапты болады. Ол кiшкентай ғана болмашы болуы мүмкiн. Мысалы: Үлкен апай, ағайлардың жолда сөмкесiн ұстап үйiне жеткiзiп салу, немесе маршрутта үлкен кiсiге орын беру т.б. Ендi сауалыңа келер болсақ жауап бере кетейiн. Бірақ бұл мақтангөйлiк емес жай ғана өз өмiрiмдегi қуанышты жағдай. Бiрде жаяу көшеде келе жатқам, кенет үйiнен бiр ата шығып келе жатыр екен. Мен ол кiciнiң жолын кеспейiн деп, өтіп кеткенше күтiп тұрдым. Сонда ол ата маған бар батасын жаудырып, риза болып рахметiн жаудырды. Бұл бір жағынан iзеттiлiк, бір жағынан құрмет, әрi жақсылық деп ойлаймын.
+3 дауыс

Жасаған жақсылықты жарияға айтып жар салдым, мақтанып айттым деген сөз - ол жақсылықтың сауаптарынан айырылдым деген сөз.

Өте орынды,мен толықтай келісем!
+1 дауыс

Көптеген жақсылықтар жасадым.Соңғы жақсылығым кеше дүкенде болды.Мен жолда келе жатырсам,алдымнан қайыр(қатты айтылды) сұрап отырған бала кездесті.Тамақ ішкісі келіп,шөлдеп отыр екен.Қалтамда азғана ақша бар.Сол балаға ақшаны бердім.

кейде байқап тұрсам,жаның ашып,ақшамды бергеніммен,кейін оның қожайыны,ақшаны тартып алып кетеді,сондықтан,дұрысы,өзің алып бергенін дұрысырақ сияқты...+
...