0 дауыс
Сәлем достар бұл сайтқа кірмегелі біраз уақыт болыпты. Сайтта өзгерістер де бар екен. Достар маған Абайдың "Жақсылық ұзақ тұрмайды" өлеңін тауып беріңдерші?
23.10.2014 7.2k қаралым

1 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Жақсылық ұзақ тұрмайды,

Жамандық әркез тозбайды.

Үміттің аты елеріп,

Қос тізгінді созбайды.

Қос тепкіні салсаң да,

Уайымнан озбайды.

Бір қайғыны ойласаң,

Жүз қайғыны қозғайды.

Жер қорығыш желгек шал

Желіп жүріп боздайды.

 

Құрсаған бұлт ашылмай,

Аспанның жүзі көгермес.

Үрпейген жүрек басылмай,

Талапты көңіл елермес.

Шырайды қайғы жасырмай,

Күлкінің ерні кезермес.

Шыдасаң есті қашырмай.

Құлдатып, қор қып жібермес.

Кез келсе қайғы қат-қабат,

Қаңғыртпай қоймас адамды.

Қасиетсіз туған — ол да жат,

Күңкілдеп берер сазаңды.

Бәрінен де сол қымбат,

Қайтерсің өңкей наданды.

Сыпыра батыр сұм құрбәт[1]

Мақтанмен алды мазамды.
23.10.2014
Ақжол рахмет
оқасы жоқ))
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы