0 дауыс
18.7k көрілді
платонның саяси ой пікірлері

3 жауап

+1 дауыс
Платон  аристократиялық  мемлекет  құрлысы  туралы:"Мемлекет", "Саясаткер",   "Заңдар еңбектерінің мазмұны".

Өзінің еңбектері мен шығармаларында ұлы ойшыл абсолюттік идеализмді жақтады. Оның айтуынша, әрбір идея жеке жеке заттың немесе барша заттың абсолюттік мәнін білдіретін ерекше идеялар  әлемін құрайды, яғни идеялар мәңгілік,олар  жоғалып кетпейді, жаңадан пайда болмайды.Бүкіл әлем, табиғат пен қоғам – сол идеялардың жүзеге асқан бейнесі.

Платон идеалды мемлекет туралы еңбегінде әділдікті әркәмнің өз ісімен айналысуынан және басқаның ісіне араласпауынан көреді. Адамдардың әлеуметтік топқа бөлінуі мен лоардың арасындағы мүлік теңсіздігін қалыпты жағдай ретінде қарастырады және олардың бір топтан екінші топқа өту  мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Платон иделды мемлекет құру туралы жобасында аристократиялық мемлекеттік құрылымды жақтайды және өз жобасының қиындықпен болса да жүзеге асатынына сенеді. Идеалды мемлекеттің өзі де, адамдық қасиетке зорлық-зомбылық қасиеттері де қосылды. Сондықтан да мемлекеттіак құрылым келеді.

Платон адамдардың жан дүниесіне мемлекеттік құрылымның бес түрінің сәйкес келетіндігі туралы (аристократия, демократия, олигархия, тимократия және тирания) айтады. Олардың әрқайсысы биліктерін өз мүдделеріне қарай іске асырады. Тимократияда әскери адамдар билікте болады, олар жиі соғысады, соғыс мемлекеттің басты байлығы болып есептелінеді. Олигархияда байлар билікке ие болғандықтан, өздеріне дұшпандық ниеттегі кедейлермен үнемі қақтығыста болады. Бұл мемлекетте кедейлердің наразылығы нәтижесінде кез-келген уақытта мемлекеттік төңкеріс болуы мүмкін. Тирания – мемлекеттік құрылымның заңсыздық пен зорлық-зомбылық үстемдік еткен ең нашар түрі.

Заң  деген шығармасында Платон мемлекеттік құрылымның екінші жобасын ұсынады. Екінші мемлекеттің бірінші мемлекеттен басты айырмашылығы оның 5040 азаматы жеребе бойынша жер учаскелерін алады. Бұл дер оларға жеке меншік түрінде емес, пайдалану құқығы ретінде ғана беріледі де, мемлекеттің жалпы меншігі болып саналады. Мүлік санына қарай барлық азаматтар тқрт топқа бөлінеді. Қайыршылық пен байлықтың заң шеңберіндегі шегі анықталады. Жеке меншік иелерінің ешқайсысы да алтынға немесе күміске ие бола алмайды. Азаматтар қатарына (5040) құлдар мен шет елдіктер жатқызылмайды.

Тұтыну теңдігін жақтаған Платон құлдар мен шет жерлерден басқаларында мүлік артықшылығы болмауы тиіс деп санайды. Жеке отбасылар мойындалғанымен, тәрбие ісі түгелдей заңдастырылған арнайы лауазымды адамдар қолына берілді. Әйелдер ерлермен тең құқылы болғанымен, олар жоғары билік қатарына ене алмады.

Платон мемлекеттің басында көп сатылы сайлау жолымен сайланған 37 билеуші тұрды. Билеушілер жасы 50-ден 70-ке дейін шектелді. Билік басында бір билеушінің 20 жыл тұруға мүмкіндігі болды. 360 мүшеден тұратын (әр топтан 90 адамнан) сайланбалы кеңес едәуір билікке ие бола алды. Халық жиналысына бірінші және екінші топ азаматтарының қатысыуы міндетті еді, ал үшінші және төртінші топ азаматтарының халық жиналысына қатысуы міндетті болмады. Заңдылықтың сақталуына әділ сот жауап берді, жекелеген және қатал заңдар азаматтарының бұқаралық және  жеке өмірін реттеп отырды. Сотта қаралған істерді қорғау мүмкіндігі қарастырылды.
–2 дауыс
Osy platon ariatotel maristotel degender, voobshe ezhelgi grek rim ataulynyñ eshkaisy unamaidgoi magan. Olar akyldy bolyp birdeñeler zhazgan degenge sene almaim. Aristoteldiñ t.s.s aitkan sozi ne tsitatasy degen zhazular tursa okyp karaim, aitarlyktai erekshe eshteñesi zhok, kadimgi bari biletin sozder. Al alemniñ 1shi ustazy dep kim aityp ketken eken. Odan 1000 ese kushtiler kopko. Sendiretindei biletiñ birdeñeleriñ bolsa aityñdarsh magan
0 дауыс
Платон б.з.б. 427-347 жылдары өмір сүрген. Шын аты – Аристокл. Платон оның лақап аты болып, жауырыны кең болғандықтан "жалпақ", "кең" деген мағынада Платон деп аталған. Платон атақты фәлсафашы Сократтың мектебінде оқып, оның үздік шәкірті болды.

  Платонның анасы Периктион болып, Периктион әйгілі Солон патшаның жақын туысы деп әспеттелген. Солон патша Афинаның тұңғыш заң шығарушы билеушісі, Сақ ойшылы Анахарсистің досы, ақын, жеті ғұламаның бірі есептеледі.

  Оның  200 еңбектері бар. Оның ішінде – «Мемлекет», «Саясатшы», «Заңдар»,  «Софист», «Парменид» және т.б.

Платон мемлекеттік  құрылысты 5 түрге бөлді: аристократия, тимократия, олигархия, демократия және тирания.  Бұлардың ішінде ең жақсысына аристократиялық мемлекетті жатқызды. Онда ақыл – естілік , парасаттылық билейді, оның принциптері – адамгершілік,  абырой, ар-намыс деп санады.
...