0 дауыс
1.1k көрілді
"Электр жетегі" тақырыбында реферат немесе конспект керек

1 жауап

0 дауыс
Электр жетегі электрлі, электр механикалық және механикалық түрлендіргіштердің өзара әсер етуінен, басқаратын және ақпараттық құрылғылардан, сыртқы кедергілерден тұратын электрлі, механикалық, басқару және ақпараттық жүйелерден тұрады, жұмыс машиналарының орындау органдарын қозғалысқа келтіруге арналған және технологиялық процестерді орындау мақсатымен қозғалыстарды басқаратын электр механикалық жүйе.
Қазіргі кездегі технологияларда механикалық энергияға және қозғалысқа байланысты барлық процестер электр жетегімен орындалады. Элетрлі емес қозғалтқышты қолданатын автономды транспорттардың жабдықтарында (автомобильдер, ұшақтар, кей бір қозғалмалы құрылғылар) электр жетегі қолданбайды. Өнеркәсіптің қондырғыларында су жетегі кең қолданылады, пневможетегі аз қолданылады.

Электр жетегімен электр энергиясын кез-келген қашықтықта беруге болатындықтан, қолдануға әр уақытта дайын және кез-келген басқа энергиялардың түріне оңай өзгере алатындығына байланысты кең қолданылады.

Қазіргі уақытта аспаптық жүйелерде қуаты бір микроваттық электр жетегі қолданылады; газды айдайтын станциялардығы компрессор электр жетегінің қуаты он  мегаватт, қазіргі кездегі электр жетектің қуаты мен жиілігінің деңгейі 1012 жоғары. Мысалы, жартылай өткізгіштердің кристалдарын тартатын қондырғының қозғалтқыш бірлігі қозғалыс бір қалыпты болу қажет деген қатаң талапта 10 сағатта 1 айналуы қажет. Қазіргі кездегі станоктың шлифті дөңгелегінің айналу жиілігі 150 000 айн/мин.

Қазіргі кездегі электр жетегі жасанды жүректен қадамды экскаваторға дейін, желдеткіштен радиотелескопқа дейін, киім жуатын машиналардан өндірістік жүйелерде кең қолданылады. Сондықтан осы ерекшелігінің технологиялық ортаға әсер етуіне байланысты электр жетегінің дамуына үлкен әсерін тигізді.  Электр жетегі дами отырып технологиялық аймаққа оң әсер етеді және жаңа жетістіктерге жетеді.

Энергетикалық көзқарас бойынша электр жетегі негізгі энергияны қолданушы болып саналады. Қазіргі уақытта дамыған елдерде электр жетегінің 60% электр энергиясын қолданады. Энергетикалық ресурстардың тапшылығы электр жетегін энергиямен жабдықтауды қиындатады.

Мамандар қазіргі уақытта энергетика ресурстарының біреуін үнемдейді деп есептейді. Мысалы 1 тонналық жанармайды өңдеп алуға қарағанда, оның өзі екі есе арзан тұрады. Осыған байланысты жанар майды өңдеп алу қиындай түсетіндігін, ал оның қоры азаятындығын байқауға болады.

Электр жетегінің электр механикалық жүйелерінің даму қиындықтары: бірінші – әр түрлі технологиялық қолдану кезінде функционалдық мүмкіншілікті кеңейту қажет; екінші - энергияны және басқа ресурстарды үнемдеу арқылы қолдану қажет.

Толығырақ: https://libr.aues.kz/facultet/eef/kaf_e_i_apu/13/umm/eiapu_3.htm
...