Сәлем! Менің танысым бар еді, ол мектеп уақытысында қатты ауырып, суықтап қалған, содан денесіне сыздауық деген жара шыққан. Дәрігерлер укол сала берген,бірақ кетпеді. 2 жылдай қиналып, бірақ жарасы кетті. Алайда дәрігерлер гормондық укол салған екен. 4-5 жылдай гормондық уколдар мен дәрілерді қолданған, бірақ оның гормондық препараттар екендігін ешкім ескертпеген. Сол гормондықпрепараттардың әсерінен толып кеткен, ешқалай да арықтай алмай жатыр, кеңестеріңіз болса жазыңыздаршы. Барлық диета, спорт түрлерімен де айналысқан, бірақ нәтиже жоқ. Оқырмандардың арасында дәрігер мамандары болса кеңес берсеңіздер, менің танысыма көмектеріңізді берсеңіздер жақсы болатын еді. Рахмет