Психологиялық кеңес | 859 қаралды
859 қаралды
Менің достарым аз. Өзім меланхоликпін. 1 досым бар, одан басқа досым жоқ. Өзім сабақты жақсы оқимын, сабақта үй жұмысын көшіргенде или бақылау жазғанда бәрі дос бола қалады. Жай уақытта мен бөлектейтін сияқты. Ылғы өзім жалғыз қаламын , алдынғы жылы жанадан біреу келді, только ........ бірге отырмамын. Ол сабаққа келмегенде жалғыз қаламын. Ал үйде маған бәрі ұрыса береді, как будто мені жек көретін сияқты. Вообще үйде бос отырғызбайды, Айко ананы алып кел мынаны алыпкел, ты что Айко адам боганан кейін бірдене істеу керек кой енді деп, маған жұмыс істеткізіп кояды. Бірдене құласа, сынып қалса сразу маған ұрсады. Оның бәрін бауыры ....... бүлдіреді. Бірдене болса бауырыма береді, ол кішкентайбсен үлкенсің дейді, арамыз 3 жас. Ол 10да мен 13 те. Ол күні бойы ойнайды оған ештене айтпайды. Еще мен қағаздарын жазып беремін, мектепте де муғалімдердің қағаздарын жасап бердім. Класста бәрінің жігіті бар, ал менің жігітім жоқ. Түрімді жаман деп айта алмаймын. Көп адамға қарағанда түрім жақсы, короче нормальный. Мені бәрі көргісі келмейтін жек көретін сияқты. бұрын кейде ғана Өлгім келетін, қазір 1-2 кунде өлгім келеді. Өлуге болмайдығой. Бәрінен жалықтым. Не істеймін?

13 жауап

Мектеп бітіргенше шыдасаңыз, басқа ортаға түскеннен кейін жағдайдың бәрі өзгереді. Шыдаңыз!

Тек жақсы нәрселер ойлауға тырысыңыз. Бұл жас сондай переходный возрасть кезі. Өткінші
Айкүміс! Сізге жақсы бір бөтен адам болса да, сыр айтатын дос керек. Ата-ананың ұрысқаны ештеңе емес. Өздеріне арасында айтып отыру керек. Бірақ мектептегі қиындық ол басқа. Сіздің жағдайыңызды мен жақсы түсінемін. Жігітке асықпаңыз. Қайткен күнде де, досыңыз көп болсын. Сосын өзімді жалғызбын деп сезінбеңіз. Ол тек сіздің емес, басқа да қыздардың, жігітттердің басында бар дүние. Өлім.... Ол не? Оны ойлауға әлі ерте. Сіз ерте үміт үзе алмайсыз. Өмірден үміт үзуге хақыңыз да жоқ. Өзіңізді тек өрге сүйреңіз. Тек өзіңізге сеніп, өзіңізбен өзіңіз сөйлессеңіз де жаман дүние ойламаңыз. Қазір әлеуметтік желілер толып жатыр. Солардан дос тауып, ойыңызды бөліңіз. Мұғалімдерге көмектесссеңіз, солармен де арасында қалжыңдасып тұрыңыз. Өмір күреске толы. Тек өзіңізге мықты болыңыз. Бәрін де жеңуге болады. Сіздің басыңыздағы жағдай, аса күрделі емес. Жай балалық десе де болады. Сіздің бұныңыз мүлдем жарамайды.
Бұл жағдай барлығымыздың басымыздан өткен. Кезінде бізде дәл осылай ойлап, дәл осылай өзімізше қиналғанбыз. Ештеңе етпейді. Бұндай жағдайдан шыққыңыз келсе, әдеби кітап оқыңыз. Ештеңе ойламауға тырысыңыз. Сіз бұл жағдайдан да өтесіз әлі. Өйткені сіз өзіңіз ойлағаннан да мықтысыз.
Айкүміс, Сандар ағаңның мына жазбасын оқышы http://blogtime.kz/psihologia/omirge-gashyk-bolu-logoterapiya.html  Саған пайдалы болар деп ойлаймын! Өмір қымбат, сені жақсы адамдар әлі қарсы алады.
Белгісіз
Бәрі өткінші, бүгін проблема болған нәрсе ертең жоқ болады. Ертесіне күліп те аласың неге сонша күйіп-пістім екен деп. Көп достың керегі де жоқ, жақсы бір досың болса да жетеді
Адам адам болғасын өмірде қаншама жағдайлар болады. Өмірдің өзі де ақ және қара жолақтары қатар орналасқан. Күннен соң түн, түннен соң күн келетіні сияқты, адам да бір күні бақытты болса, бір күні басын көтермес қайғыға душар болып жатады. Бірақ бір кездердегідей бүкіл елдің басына түскен алып қиыншылық жоқ. Шүкір, қазір елімізде (кейбір жағдайларды санамағанда) жағдай жақсы. Еңбек еткен адамға тамақ бар, көйлек көк. Ал, жеке бастың қиыншылықтары қашан да болады. Адамдарды жоғалту, сабақтағы қиындықтар, махаббатғы сәтсіздік. Ол- өмірдің заңы. Сіз мына өмірге сынақ үшін келдіңіз. Менің ойым бұл. Қандай ма қиындық болмасын өзіңізді қолға ұстай білңіз. Бастысы адамның бойында үлкен сенім болу керек. Болашаққа деген сенім! Босқа өсір сүрмеу керек, бір пайдалы іс жасауға, уақытты пайдалы іске жұмсауға тырысу керек! Әрі адам деген атқа лайық болу керек. Көп сөздің түйіні, сол : күресе біліңіз! Оқыңыз! Біліңіз! Өмірдің тәттісін көоуге асығыңыз! Бірақ, ешқашан күрессіз мына өмірдің басқа салғанына оңай көне салмаңыз! Табанды болыңыз! Өлім әрқашанда келеді, ол анық нәрсе, бірақ сол өлім жеткенше артыңызға бұрылғанда дым істемей кеткенім бе деп қапаланбас үшін тек қана алға
Айко сен жаратқан Алланың сынағынан ерте өтіп жатыр екенсің бұл өтпелі кезең, Алланың сынағынан ешкім де қашып құтыла алмайды, сенің басыңдағы болып жатқан сынақтар басқалардың да басынан өтеді, ол сынақтар біреуге ерте біреулерге кеш келеді. Айко сен сыныптастарыңның ішіндегі ең ақылды қыз екенсің,
Бұл сенің ойың, сен бәрін өзіңе қарсы қойып алғансың бірақ шын мәніде бәрі керісінше болуы мүмкін, сен басқалардан бөлектенетін сияқтысың. Кемістікті басқалардан емес өзіңнен іздеп, өзіңді өзің жеңе біл сонда бәрі ОҚ болады))
Қое не дейд

Айко мен көп сөзді қояйын,кел мен сенімен дос боламын)Ашылуына көмектесе аламын!Сен олай ренжи берме,сенің жасында ондай ондай болып тұрады.

менде болмадығой
Ерекшесің сен!
Айко сенің өмірің ең тыныш кезі осы кез. Кейін жұмысың, отбасың болғанда сонда қиналуың мүмкін. Қазыр сен ата анаңа өте керексің. Сен жоқ болсаң оларға ананы, мынаны кім алып беріп жібереді. Баурыңа кім қарайды. Ал сен бойжеткен қыз болғанда сүйікті жігітің болады. Сен оған өте керек боласың. Ал ол жігітпен үйленген соң балаларың болады. Бала деген еңңңн тәтті болады. Сенсіз өмір сүре алмайды олар. Болашақты ойла
soilep otkan ulken bireugoi dep otrsam. olim zhaily kop oilai berme, muldem oilama. eger seni zhek kored dep oilasañ sagan bari solai bop korined, ne istese de seni zhek korgenen istegendei bop korine bered. eshkandai mama papa oz balasyn zhaman kormeid. sen ali kiskentaisñ. seni tem bolee. sen oziñdi bari meni zhaman kored dep tunzhyraiyp bolektenip zhuretin siaktysyñgoi, birak sozderiñnen bireu seni añgimege ne iske shakrsa oziñ de ashylysuga daiyn kyz ekeniñ korinip tur. kosymsha bi, manerlep syrganau, pianino, voleibol til ne arturli, mektep, kogamdyk sharalarga zhazyl, 1 emes 5-6uyna biratala. eshkaisynan kalma. beitanys kyz kordiñbe, birden birinshi bop oziñ bar da tanysyp keteber, klastastaryñmen de solai. bakylau keznde bari dos bolp keted degendi oilama, birdeñe surasa komegiñdi aiama, papaña zhii ait meni kydyrtshy dep ne mamaña. är merekede ui ishiñdegilerge de apaiña da zhaksy koretin dosyña koldan bolsa da siylyk zhasap tur. ademi kiimder, bezendiretin zattar satyp al mamañmen birge.
13te kandai jigit ainalain? Sabagyndy oky.
Салем Айко. Оқып отырған болсаң қазір сенің жасың 16 дан асып 17 ге келіп бой жеткен шығарсың) Қазір оның бәрі тек өткінші нәрсе болғанын түсінген шығарсың)Өмір керемет,бірақ біз оны кейде түсіне бермейміз

Ұқсас сұрақтар

118,314 сұрақ
305,093 жауап
153,297 пікір
67,435 қолданушы